Банктің даму тарихы

Скачать

“Альянс Банкі” Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің ішіндегі ең қарқынды дамып, банктік қызметтер көрсету нарығында 10 жылдан астам уақыт сәтті түрде жұмыс істеуде.
ААҚ “Иртышбизнесбанктің” орын алмасуымен атын жаңартуына байланысты кейіннен ААҚ “Альянс Банкі” деп өзгертіліп заңды түрде жұмысын жалғастырды. Заңды түрде қайта тіркеу күні болып 2002 жылдың 13 наурызы болып есептеледі.
Өз кезегінде ААҚ “Семей қалалық Акционерлік Банкі” және ААҚ “Иртышбизнесбанкі” (1993 жылы негізі қаланған), осы екі банктің қосылуынан 1999 жылдың 13 шілдесінде ААҚ “Иртышбизнесбанктің” негізі қаланды. Осы екі банкте заңды тұлға ретінде жекеше жұмыс атқарып, өз қызметін Ұлттық Банктің лицензиясы арқылы жүзеге асырып отырды.
Жоғарыда аталған екі банктіңде өз тарихтары болды, сондай ақ әр түрлі жолдармен қалыптасқан болатын (ААҚ “Семей қалалық Акционерлік Банкі” банкі жаңадан құрылған кезде “Багаз Банк” деген атауға ие болған), өзіндік жеткен жетістіктері де жетерлік.
Әйтседе, Қазақстан Республикасы азаматтық заңдылықтарына сәйкес (Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 45 және 46 баптары) заңды тұлғалар біріккен күннен бастап өз қызметтерін тоқтатады, сондай ақ жаңадан пайда болған заңды тұлғаның меншігі мен міндетіне айналады. Міне, осындай жолмен 1999 жылдың 13 маусымында ашык түрде ААҚ “ИртышБизнесБанкі” негізін қалайды.Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 42 бабына сәйкес жаңадан құрылған заңды тұлға өз жұмысын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қана жұмыс жасай алады.
Ұлттық Банктің лицензиясы жайлы сөз қозғайтын болсақ, Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 35 бабына сәйкес заңды тұлғаның қызмет көрсету аясында жұмыс жасау үшін міндетті түрде болу керек.Санда ғана құқыққа ие болады. Ұлттық Банктен лицензия алған күн банктің құрылған күні болып есептелмейді.
Бұл заңды анықтамаға сүйенетін болсақ, “Альянс Банктің” туған күндері болып екі жағдай да есептеледі:
- 1999 жылдың 13 маусымы (екі банктің бірігуінен пайда болған ААҚ “Иртышбизнесбанктің” құрылған күні),
- 2002 жылдың 13 наурыздың (ААҚ “Иртышбизнесбанктің” ААҚ “Альянс Банк” болып өзгерген күн).
Шың мәнісінде, айғактарды заңгерлердің көзқарасымен қарастыратын болсақ, онда Альянс Банк 2002 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. Қайтседе, біздің әрқайсымыздың білетініміз тек бір – бүгінгі күнгі банктің осындай жетістіктерінің себебі 2002 жылдың 13 наурызында бастау алғаны.
21 қараша күні Алматы қаласында 7- ші марапаттау фестивалі өткен болатын.Онда жеңімпаздарды құттықтау рәсімі - бас жүлделерді салтанатты турде сыйлау фестивалі - “Жыл таңдауы” құрметті медальдары құрметпен табыс етілді. Әділ-қазылар, қайсысы еліміздің сыйлы да, атақты азамматтарынан құралды. Олар 2006 жылдың мәдениет, бизнес, медицина және өнер салаларыбойынша “Үздіктердің үздігі” номинацияларын таңдады.
Халық арасындағы өткен көптеген сұраулар бойынша және эксперттік комиссияның шешімімен осы жылы “Альянс Банк” бірінші орынға екі номинациямен таңдаулы болып ілікті. Атап айтар болсақ, “Экспресс несиесі” бойынша және “Тұтыну несиесі” бойынша іліккен болатын. Өйткені “Экспресс несиесі” бүгінгі таңда ақша табудың ең қолайлы және жеңіл түрі болып есептеледі. Ал “Тұтыну несиесі” қысқа уақытта және қолайлы жағдайда, мүлік және автотранспорт алуға немесе үй соғып, жөндеу жұмыстарын да жасауға болады. “Жыл таңдауы” фестивалі халықаралық статусқа тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Қырғыстанда, Өзбекстенда, Украинада, Беларусияда да танымал екенін баса айтқымыз келеді. Мұның бәрі де Банк үшін өте ұтымды да, ұшқыр ой екені хақ.
Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құрылады.


Банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып акция шығару немесе құрылтайшылардың салымдары болып есептеледі.
Жарғылық қор жаңа акционерлерді тарту, құрылтайшылардың қосымша акция сатып алуы, мүлік құнын қайта бағалауда, дивиденттерді қайта инвестициялау жолдары арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін көбейту не азайту акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады. Жарғылық қордың өзгеруі Ұлттық банкте тіркеледі.
Алдын ала белгіленбеген шығындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады. Ол-банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен, жарғылық капиталының сомасының 25% көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқармасының шешімі бойынша жұмсалады.
Сақтандыру және басқа да арнайы мақсаттағы қорлар банктің табысынан аударымдар жасау арқылы құрылады; олар басқарма және жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша жұмсалады.
Республикамызда мемлекет пен банктің жауапкершіліктері заң негізінде шектеледі. Банк мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет те банктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Банктер өкілетті және атқарушы билік органдарына тәуелсіз түрде банктің қызметімен байланысты жедел шешімдерді қабылдайды.
Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкпен қарым-қатынастары «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңның 41-45 баптармен анықталған қағидалар негізінде қалыптасады. Ұлттық банк өз қызметінде республиканың ақша-несие жүйесінің дамуы мен нығая түсу мүддесінде-барлық банктік жүйесінің қалыпты қызмет етуіне ықпал етеді; банктерді банктік қызмет бойынша керекті нормативтік құжаттармен өз уақытында қамтамасыз етеді; банктік жүйе үшін қажет кадрларды дайындауға қатысады, банктердің жұмысына қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың кредиторлары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау және де ақша айналымын нығайту мақсатында ФА “АльянсФинанс” ЖШС, дербес балансы бар, олардың филиалдарының міндетті түрде орындалуы тиіс экономикалық нормативтерді бекітеді. Бұл нормативтер сонымен бірге еншілес банктер және банктік бірлестіктер үшін де қолданылады.
Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдайлар, банктік қызметтердің әлде қайда кең спектрін көрсете отырып, бір-бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.
Банктің клиенттпен экономикалық жұмысы – банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің жақтарын қамтиды.
Банктік қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез – келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
ФА “АльянсФинанс” ЖШС - ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
ФА “АльянсФинанс” ЖШС негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
« Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы » Заңға сәйкес мынадай операциялар орындай алады:
ақылы негізде депозиттерді тарату;
клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және өзгеде міндеттемелерді беру,;
тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассалық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
коммерциялық мәмілелердіқаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
лизингтік операциларды жүзеге асыру.


Скачать


zharar.kz