Казталов ауданы, Жанажол ауылы.
Балабақша тәрбиешісі
Капезова Гулдана Нурболатовна
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті түрі: Музыка
Тақырыбы: Ақ тиін
Мақсаты: Сюжетті - рөлді ойындарға қатысуға қабілеттерін әрі қарай дамыту, әуенді есту, сезіну, әнді бірге бастап, бірге аяқтап хормен айтуға үйрету.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Тиін қонаққа келеді.
Қажетті көрнекі құралдар: қысқы орман көрінісі, кішкентай шыршалар, қоңырау, ойыншық тиін.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, үйрету, көрсету
Қостілділік компонент: тиін - белка
Тәрбиешінің әрекеті
Көңілді би ойналып, балаларды көңілді қарсы алады. Зал ортасындағы қоңыраулар ілінген кішкентай шыршаларды көрсетіп жетекші: - Міне, біздің шыршамыз қандай әдемі! Қоңыраулар жылтырап сәнге бөледі, - деп, балаларға қоңырауларды алуды ұсынады.
Қоңырауды алайық,
Сыңғырлатып қағайық.
Қоңырауды қозғап, ойнап көрсетеді. Қайталауларын сұрайды.
Қоңыраулар биі ойналып, 1 - бөлімінде қоңырауларды сыңғырлата жүгірулерін сұрайды, 2 - бөлімінде шеңбер бойымен тұрып, әуен ырғағымен қоңырауды сыңғырлатуды ұсынады. Би аяқталысымен:
- Біз жасыл шыршаға жақын келейік,
- Қоңырауды шыршаға ілейік - деп, қоңырауларды ілгізеді.
Көңілді әуен ойналып, ортаға тиін келеді (педагогтің қолында ойыншық тиін)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен қоңыраудың дауысын естіп, асығып келдім.
Музыка жетекшісі: Балалар, бізге қонаққа келген бұл қандай жануар, танисыңдар ма?
Тиін: Балалар, мен көңілді әуен әлемінен келдім, сендерге өзім туралы ән айтып берейін.
Ақ тиін музыкасын жазған: Ә. Бейсеуов, сөзі: Н. Жанаев әнін музыка жетекшісі және педагог орындап береді.
- Балалар, ақ тиіннің әні әдемі екен, рахмет айтайық.
Тиін (қуана дауыстап):
- Мен секіре аламын. Кім бірге секіреді?
Балаларды ортаға шақырады.
- Енді ақ тиінді көңілді биге шақырып, бірге билейік.
Көңілді би Балаларға өз еріктерінше қозғалып, билеуге мүмкіндік береді.
Тиін:
Мен еңбекті сүйемін,
Жаңғағымды үйемін,- деп, балаларды жаңғақ жинауға көмекке шақырады.
Кім епті ойыны ұйымдастырылады.
Балалар еркін билеп, қозғалады. Секіреді, бір орында айналады., қолдарын білезік буынынан айналдырады.