Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа

Скачать

АСАНҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ

Есті көрсең кем деме,
Бәрі тұйғын табылмас.
Қарындасты жамандап,
Өзіңе туған табылмас.
Адам өзі айтар деп,
Көңіліңді салмағын.
Нәпсі алдаушы дұшпанның
Насихатын алмағын.
Бақыты оянған ерлердің
Әрбір ісі оң болар.
Дәулеті күнде артылып,
Не қылса да мол болар.
Тазылары түлкі алып,
Қаршығасы қаз іліп,
Сөз сөйлесе жөн болып,
Не десе де жарасар...
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілмен таласпа.
Артықүшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Білімім жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама.


Скачать


zharar.kz