Ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ауаның ылғалдылығы. (8 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: ауаның ылғалдылығы ұғымын енгізе отырып, күнделікті өмірде және адам өміріндегі ылғалдылықтың маңызын көрсету, ауаның ылғалдылығын өлшеу құралдарымен және олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
1. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК Білімді жан - жақты тексеру.
ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1) Қандай құбылыс булану деп аталады?
2) Сұйықтың газ тәріздес күйге ауысының қандай екі әдісін білесіңдер?
3) Кебу дегеніміз не?
4) Қаныкқан және қанықпаған бу дегеніміз не?
5) Қаныққан бу қысымының көлемге, температураға, заттың тегіне
тәуелділігі.
6) Сұйықтың кебу жылдамдығы неге тәуелді?
7) Конденсациялану процесі дегеніміз не?
8) Сырттан жылу берілмегенде кебетін сұйықтың температурасының төмендеу себебін түсіндіріңдер.
9) Неліктен қалыпты жағдайларда буланып жатқан сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады?
10) Булану кезінде энергия жұтыла ма, әлде бөліне ме? Конденсациялану кезінде ше?
11) Бұлттардың пайда болуын түсіндіріңдер.

V. ДК. Жаңа материалды меңгерту:
Ауаның ылғалдылығы.
Жер бетіндегі су қоймаларының, мұхиттар, өзендер мен теңіздер бетінен, сонымен қатар өсімдіктер бетінен үздіксіз судың булану нәтижесінде атмосфералық ауа құрамында су буының болуы. Ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есептеу формуласы мұндағы р - ауадағы су буының қысымы рк - берілген температурадағы қаныққан бу қысымы.
- Психрометр және гигроскоптың құрылысы және жұмыс істеу принциптері.
- Психрометрлік кесте.
- Шык нүктесі ұғымы. Шык нүктесі ауанын ылғалдылығының сипаттамасы.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§17 сұрақтарын талдау.
Жаттығулар орындау.
1. Тоңазытқыштан шығарылған жеміс терлей ме егер, оның температурасы +3° С, ал атмосферадағы су буының қысымы:
а) ЗОмм. сын. бағ; б) 10мм. сын. бағ; в) 5мм. сын. Бағ - на тен болса?
2. Құрамындағы су буының қысымы 11, 2мм. сын. бағ., температурасы 21°С ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңдар.
3. Бөлмедегі ауаның температурасы 20 °С. Егер құрғақ және ылғал термометрлердің көрсетулерінің айырмасы 5 °С болса, психрометрдің ылғал термометрі нені көрсетеді?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
№ 6 эксперименттік тапсырманы орындау.
VIІI. ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §17

Ауаның ылғалдылығы. жүктеу


Скачать


zharar.kz