Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
- ондық бөлшектерді оқу, жазу, салыстыру, ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде және керісінше жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу туралы білім – дағдыларын пысықтау, қайталау
- ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін оқып үйрету
- ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін есеп шығаруда, өзіндік жұмыстарда пайдалана білуге жаттықтыру
- логикалық ойлауға, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білім - дағдыны қалыптастыру сабағы
Көрнекілігі: плакаттар, үлестірме қағаздары
Сабақтың мазмұны:
Сергіту сәті:
(ауызша орындалады)
1. Бөлшектерді оқыңдар: 0, 2; 2, 13; 1, 05; 87, 001; 0, 075
2. Ондық бөлшекті жазып көрсет:
• Екі бүтін оннан бес 2, 5
• Жеті бүтін мыңнан елу алты 7, 056
• Қырық екі бүтін жүзден екі 42, 02
• Нөл бүтін жүзден он бес 0, 15
Жарайсыңдар балалар! Өткенді қайталап сергіту сәтінен жақсы өттік.
Сонымен бірге жай бөлшектерге қосу, азайту көбейту, бөлу амалдарын орындауды үйрендік.
Ал ендігі сабақтарымызда ондық бөлшектерді қосуды, азайтуды, көбейту және бөлуді үйренетін боламыз. Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық:
26 ақпан, Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Олай болса 0, 12 және 0, 9 сандарын қосуды қарастырамыз.
0, 12 + 1, 29 = 1, 29
0, 12
+ 1, 29
1, 41
12, 56 + 1, 3 = 13, 86
12, 56
+ 1, 30
13, 86
15, 7 + 0, 128 = 15, 828
15, 700
+ 0, 128
15, 828