Адам бойындағы жағымды қасиеттерді дұрыс тануына дамыту

Скачать

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Адалдық. Дәулет Қасенов
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Дәулет Қасеновтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді дұрыс тануына дамыту.
2. Сөйлеу тілдерін дамыту
3. Адалдық адами қасиеттерді бойына жинау, қоршаған ортасына деген көзқарасын қалыптастыру, үлкендерді, ата – ананы сыйлау керектігін ұғындыру
Сабақтың түрі: шығармашылық
Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгімелеу, талдау, ой бөлісу сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: адам бойындағы жағымды қасиеттер туралы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А психологиялық дайындық
2. Үй жұмысын қорытындылау
3. Жаңа сабақ
4. Сергіту сәті
5. Қорытындылау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
5 - ке қолды жеткізу
- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақ аз отырып көп сынайды - деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетуге тырысайық.
- Бүгін сабағымызды Абай атамыздың Ғылым таппай мақтан ба өлеңінен бастайық.
Өлеңді оқушыларды жатқа айтуы.
- Абай атамыздың бес асыл іс деп отырғаны нелер?
(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Осы аталған бес асыл іс бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.
- Адам болам десеңіз, бұл бес асылдың саған тигізер пайдасы қандай?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
- Адам бойындағы жағымды қасиет ол адалдық жайлы дұрыс айтасыңдар
- Бүгінгі жаңа сабағымыз Адалдық
- Мұралардың ең. қымбаты - сөз.
- Өмірде асыл адам да, нәрсе де тозады, жоғалады.
- Мәңгі жасайтын асыл сөз адалдық
Ал енді осы жағымды және жағымсыз қасиеттерді Т. кестесіне салып таразылап көрелік. Қай таразы басы жеңер екен?
Жағымды, Жағымсыз

- Жағымсыз қасиеттердің ішіндегі ең нашары не екен?
- Өзіңнің бойыңдағы осылардың қайсысы бар деп ойлайсың?
Барын жанына қарындашпен ақырын белгілеп отыр. Жаңа сабағымызды барысында сол қасиеттерден арылу жолдары жайлы әңгіме болады, есте сақтап отыр.

Мағынаны тану.
Автор туралы мағлумат беру.
Дәулет Қасенов – 1937 - 1967жҚарақалпақстанның Қоңырат ауданында туылған. Д. Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат. Адал - деген сөздің өзі таза деген мағына береді.

Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға кезектете оқыту. Мәтін бойынша өз түсініктерін айтады.
Сөздік (жаңа сөздермен таныстыру).
Сергіту сәті.
Ақындар айтысы (жұмбақ айтыс)
Ақбота:
Ауылымның қонған жері шым болады,
Толғанда он екі айға жыл болады.
Толғанда он екі айға бір жыл болса,
Ішінде неше жұма болады?
Әсет:
Ауылымның қонған жері шым болады,
Толғанда он екі айға жыл болады.
Толғанда он екі айға бір жыл болса,
Жұманы санап жүрген кім болады?
Ақбота:
Ауылымның қонған жері шым болады,
Толғанда он екі айға жыл болады.
Тәңірінің таразысы құрылғанда,
Ол жерде өлшеп тұрған кім болады?


Скачать


zharar.kz