Астана қаласы,
№68 орта мектептің география пәні мұғалімі:
Сеил Кәмшат Елтайқызы
География 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың климаты.
Жалпы мақсаты: Оқушылардың Оңтүстік Американың климаты мен оны қалыптастырушы факторлары туралы түсінігін қалыптастыру; Негізгі және өтпелі климаттық белдеулер туралы білімдерін кеңейту; Оқушыларды климаттық картамен климатограммалармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Міндеті: Оңтүстік Америка материгіндегі климат жағдайын рекордтық көрсеткіштер себебін анықтау; Ылғалды материк екенін дәлелдеу;
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Көрнекілік Атлас, презентация, стикер,
Түйінді идеялар: • Оңтүстік Америка - ең ылғалды материк
• Солтүстігіне оңтүстігі қарағанда суықтау
• Мұхит жағалауында жер бетіндегі ең құрғақ жер – Атакама шөлі орналасқан, - 0, 8 мм
Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Көшбасшылық
• Психологиялық ахуал
• Оқушылардың климат белдеулері атымен 5 топқа бөлу
• Бағалау парақтарын үлестіру.
Теория бойынша: Білу (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? деген сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеу)
Бағалау:
1дұрыс жауап 5ұпай
Үй тапсырмасы: Сиқырлы мозайка
1. Оңтүстік Американың суы мол өзені
2. Дүние жүзіндегі ең ұзын тау
3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама?
4. Оңт. Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі
5. Ориноко өзені қай жазық арқылы ағып өтеді?
6. Ең төмен жатқан нүктесі
7. Анхель сарқырамасы орналасқан өзен
8. Дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлік өзен сағасы?
9. Дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі
10. Кактус өсімдігінің шыққан жері
11. Өзен аңғарларымен қатты тілімденіп, мүжілуге ұшыраған үстірт
Теория бойынша:
Түсіну (Неге? Неліктен? Себебі?
Не үшін?)
Бағалау:
1дұрыс жауап 5ұпай
1. Ой шақыру:
1. Климаттық белдеулер қандай түрлерге бөлінеді? Негізгі және өтпелі
2. Ауа массалары деп нені айтамыз?
Белгілі бір аумақтағы бірдей қасиеттерге ие ( температурасы, ылғалдығы, мөлдірлігі) үлкен көлемдегі ауа жиынтығы
3. Қандай ауа массаларының түрін білесіңдер, олар қандай қасиеттерге ие?
Экваторлық - ылғалды және ыстық;
Тропиктік - ыстық және құрғақ;
Қоңыржай - ылғалды және салқын;
Арктикалық және антарктикалық - суық және құрғақ;
4. Климатты қалыптастырушы негізгі факторларды атаңдар?
Географиялық ендік, жер бедері, ауа массалары, мұхиттың ықпалы
2. Себебін анықтаңдар: Әр топқа 5 түрлі климатограмма ұсынылады, диаграммаға қарай отырып, өз тобының климаттық белдеуін анықтап, себебін түсіндіреді