Танакөз Толқынқызының өлеңі
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым,
Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Өлеңімнен тауып алып қорықсын,
Шумағымда шулап өлген ғасырды.
Біздің ғұмыр саған бақыт тілеу шын.
Өлең тағдыр бетіндегі мең ғана.
Әлем үшін сен жай ғана біреусің,
Ал мен үшін бүкіл әлем сен ғана...
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау