Мұхиттың ірі өзендерін картадан табыңдар

Скачать

Сабақтың мақсаты мен міндеттері
- Евразия материгінің ішкі суларының алаптары, көлдері және мұз басу, көп жылдық тоң, жер асты сулары туралы географиялық заңдылықтарды зерттеу.
- Өзен, көлдердің ерекшеліктерін айқындау, сипаттай білуге үйрену.
- Оқушылардың мәтінді оқып есте сақтау, салыстыра білу, ой жүйелеу барысында шығармашылық, ізденушілік қабілетін дамыту.
- Судың тазалығын сақтауға, үнемдеуге, қорғай білуге тәрбиелену.
Түрі жаңа сабақ
Әдісі интерактивті, сөйлеу, дәлелдеу, көрсету, картамен жұмыс.
Көрнекілігі слайдтар, дүние жүзінің физикалық картасы, электронды оқулық.

Күтілетін нәтижелер
1. Оқушылар жаңа сабақ мазмұнын меңгеруге қабілетті.
2. Өзендерді алаптар бойынша сипаттай алады.
3. Көлдер туралы мағлұматтарды дамыта біледі.
4. Картадан мұз басу, көп жылдық тоңдар және жерасты суларының
шекараларын карта бойынша анықтайды.
5. Тақырып мазмұнындағы проблемалы мәселерді айқындайды.
6. Өз ойларын жүйелей алады.
1. Кіріспе бөлімі
Бүгінгі сабақ мазмұнына қатысты слайдтар жіберіледі. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ал, балалар су дегенде көз алдымызға не елестейді, тақтаға жаза қойыңдаршы. Ендеше дәптерімізге бүгінгі күн датасы мен сабақтың тақырыбын жазып қоялық. Жаңа сабақтың барысы хабарланады Негізгі бөлім
Оқушыларға жаңа сабақ мазмұны берілген 84 - 88 беттерді бағыттап, оқып шығуға алты минут уақыт беріледі, оқу нәтижесі төмендегі сұрақтармен тексеріледі.
Сұрақтарға тез жауап!
Негізгі сұрақ
1. Евразия материгінің ішкі суларының таралуы мен орналасуына байланысты қандай заңдылықтарды білеміз?
Проблемалық сұрақтар
1. Көп жылдық тоңдар мен батпақтардың зиянды жақтары қандай.
2. Муссондық жаңбырлардың шаруашылыққа кері әсері болуы мүмкін бе.
Оқу сұрақтары
1. Солтүстік Мұзды мұхит алаптарының өзендерін атап, картадан көрсетіңдер.
2. Бұл өзендер қалай қоректенеді?
3. Жазықтағы ірі өзендерді қалай пайдалануға болады?
4. Атлант мұхитының алабына жататын өзендердің қоректенуі неге әркелкі?
5. Атлант мұхитының өзендері не себепті қатты ластанған?
6. Тынық мұхит алабының өзендері басын қайдан алады?
7. Мұхиттың ірі өзендерін картадан табыңдар.
8. Евразия материгінің көлдерінің пайда болуы және кәсіптік маңызы? 9. Үнді, Ганг, Тигр, Евфрат өзендерінің өзіндік ерекшеліктерін атаңдар? 10. Қазіргі замандағы мұз басу, коп жылдық тоңдар, жер асты суларының таралу аудандарын атаңдар, олардың шаруашылықтағы маңызы қандай?
Тақырып мазмұнын дамыту үшін берілетін тапсырмалар
1. Артық нысандарды табыңдар
№ Өзендердің алаптары Өзендер
1 Солтүстік Мұзды мұхит Енисей, Елек, Есіл, Дунай, Обь, Ертіс, Іле.
2 Атлант мұхиты Үнді, Сена, Жем, Днепр, Хуанхэ, Висла, Тигр.
3 Тынық мұхит Амур, Жайық, Ертіс, Меконг, Сырдария, Хуанхэ По
4 Үнді мұхиты Евфрат, Амудария, Ганг, Брахмапутра, Еділ, Іле, Обь
5 Ішкі тұйық алап Еділ, Сена, Ырғыз, Ойыл, Тобыл, Днестр, Прут

2. Оқушылар екі түрлі көк қағаздың ( ақшыл көк және көкшілдеу) түсі бойынша таңдап топқа бөлінеді, төрт минуттай дайындалады.
Тақырып мазмұнын ашу үшін өз ұсыныстарын айтады, екі топта өз тақырыптары бойынша дайындаған слайдтарын жібереді, тақырып мазмұнын ашатын, өз ұсыныстарын қорғап шығады.
№1 - топ
Тақырыбы Егерде Парсы шығанағындағы мұнай өндіруді тоқтатып тастаса не болар еді?(болжау)
1. Арап елдерінде экономикалық кризис болады.
2 Жұмыссыздық көбейеді.
3. Халықтың әл - ауқаты нашарлайды.
4. Келетін туристер саны азаяды.
5. Наразылық митингілері көбейеді

№2 - топ
Тақырыбы Арал теңізінің суының деңгейін қалпына келтіру жолдары.(мысалы)
1. Жауған қарды көлге ысырып әкелу.
2. Суын улы химикаттардан тазарту.
3. Алыстағы мұздарды тасуға қаражат бөлу.
4. Каспий теңізінің жер асты суларын бұру.
5. Мойынқұмдағы жер асты теңізі суынан канал тарту.
3. Оқулықпен жұмыс
88 – беттегі, 3 - тапсырма ауызша орындалады.
Материктегі қандай өзендер мен көлдер қатты ластануға ұшыраған деп ойлайсыңдар, себебі неліктен?
111. Қорытынды бөлімі
1. Оқушылар картаны пайдаланып, оқулық соңындағы жоспар бойынша материктің бір өзеніне өз қалаулары бойынша дәптерге жазып сипаттама береді.
2. Мұғалім сабақты төмендегі төрт жол өлеңмен аяқтайды.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым,
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Т. Есімжанов.
Бағалау.
Үйге тапсырма тақырыпты оқу, кескін картаға өзен, көлдерді түсіру.


Скачать


zharar.kz