Мұқағали Мақатаев
Есімде әлі,
Қарасаздағы диірмен.
Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген.
Есімде бәрі...
Жылқыбай қарттың үйі де,
Өзі де, диірмені де,
Аппақ тозаңға киінген.
Сақалы да аппақ,
Мұрты да аппақ,
Бәрі аппақ,
Мектептен шығып, жіңішкке судан әрі аттап,
Жылқыбай қартқа кететін еді жетімдер
Өзегі талып,
Аш лақтардай жалақтап.
Ортан жіліктей,
Темекісін қарт орайтын,
Орайтын - дағы, бір - бірлеп бізді санайтын.
Санайтын - дағы, қойнынан алып күлшесін,
Тепе - тең бөліп, Күрсініп, ұзақ қарайтын.
... Су диірменді,
Әкеткен мұнан кім едің?
Ауылға барсам, айналып орнын жүремін, жүремін.
Қайтейін енді,
Осында мәңгі сақтаса,
Артында қалган Жылқыбай қарттың жүрегі...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2