Әліппемен қоштасу кешінде бекіту

Скачать

Тақырыбы: Әліппемен қоштасу
Мақсаты: 1) оқушылардың алған білімдерін Әліппемен қоштасу кешінде бекіту;
2) өз ата - аналарға, ұстаздарға білімдерін көрсету;
3) адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.
Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер.
Кіріспе сөз:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, Енді міне сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той – сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке.
Қош келдіңіздер, дей отырып, Қош бол, сүйікті Әліппем! атты ертеңгілігімізді бастауға ұлықсат етіңіздер.
Бала деген шіркін - ай балдай екен,
Тәтілігі жал мен жаядай екен.
Арып – ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін тарттырып алдайды екен!- деп Кенен Әзірбаев айтқандай келесі кезекті оқушыларға берейік.

Шашу, шашу, шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, уа халайық?
2 - жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы алайық сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлындар.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Ән: әліппе
1 - жүргізуші:- Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.
2 - жүргізуші: - Ой, не болды? Неге олай дейсің?
1 - жүргізуші. Ал мен жылағым келіп тұр
2 - жүргізуші: - О, несі, неге жылағың келіп тұр?
1 - жүргізуші: Айтпаймын өздерің тауып алыңдар.
Мұғалім: Дауласпаңдар балалар! Мен сендерден бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы Әліппемен қоштасқыларың келмей тұрсыңдар. Солай ма?
1 - жүргізуші: Дұрыс айтасыз. Әліппемізге рахмет айтсақ та, қимай тұрмыз.
2 - жүргізуші: Балалар, Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе: Армысыздар, жас достар
Армысыздар ата - ана
Бүлдіршіндер, балғындар
Менің атым - Әліппе
Міне өзіңді дәріпте
Міне осылай ер жеткен
Ағаң менен әпкең де
- Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті, достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал, енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

Мұғалім: Әліппе, біздің балалардың жаттаған тақпақтары бар. Соны сізге айтып берсін:
Әліппе: Жарайды, айтып берсін
Әліппе:- Қане, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтарын бастайық.


Скачать


zharar.kz