Бағдаршамның сары түсін көрсету

Скачать

Тақырыбы: Қызыл, сары, жасыл.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Ойын, тренинг
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет жаңашылдығы: Бала құқығын қорғау инспекторы қатысады.

Міндеті: Жол және адам қауіпсіздігін балаға түсіндіру.
Мақсаты: Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын ала алу.
1) Білімділігі: Балаларды бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
2) Тәрбиелік мақсаты: Дене жаттығуларын жасау арқылы жылдам
3) Дамытушылық мақсаты: өмірін сақтау үшін жол қауіпсіздігінің ережелерін орындауды дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бүктемелер, бағдаршам
ҰОӘ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу, назарын ҰОӘ - не аудару.

Тәрбиеші: - Саламатсыздар ма балалар! Саламатсыздар ма қонақтар! Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: Қызыл, сары, жасыл
Балалар қане жылы лебізімізді білдірейікші.
Шаттық шеңбері.
Күндей жадырап, айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап, судай көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық. Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар. Ал енді балалар мен сендерге жол ережесі туралы өлең оқып берейін.
Ауыл менен оның көшесінде.
Жүрмейді тек алаңсыз
Ережесін білмесеңіз
Түседі қайғы амалсыз.
Сақтық ойлар әрдайым
Кеудесінде жаны бар
Жүргіншімен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз. Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілің алу баршамызға ортақ. Олай болса балалар бізге Бағдаршам қонаққа келіпті.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.
Тәрбиеші: Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам:
Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
Тәрбиеші: Бағдаршам біздің балалар өте ақылды! Бағдаршам туралы көп тақпақ біледі. Тыңдап көріңізші!
Меруерт:
Сапар шексек сізбен біз,
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобусбен жүреміз

Аңсар:
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелерімен
Күнде тынбай жүреміз
Меруерт:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз
Мансур:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз
Бағдаршам: - Иә, расында да балалар өте ақылды екен. Балалардың тапқырлығын тексеріп көрейінші! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: - үш көзі бар.
Бағдаршам: - бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
Балалар: - қызыл, сары, жасыл
Бағдаршам: - Оның түстері нені білдіреді?
Балалардың жауабы.
Бағдаршам болып киінген үш қыз тақпақтарын айтып береді.
Қызыл – Перизат
Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда

Сары – Ақбота:
Сары көзі жанғанда
Сақ абай бол барынша

Жасыл – Мирас
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып

Үшеуі бірге: Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда

Сергіту сәті:
1) Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.
Балалар орындарынан тұрады.
2) Бағдаршамның сары түсін көрсету.
Балалар екі жаққа кезек - кезек дайындалады.
3) Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
Аяқтарын топ - топ басады.

Тәрбиеші: Балалар бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда кімдерге өтуге рұқсат етілген.
01 - Өрт сөндіру мәшинесіне
02 - Жол полиция мәшинесіне
03 - Жедел жәрдем мәшинесіне
04 - Газ мәшинесіне. Балалар ол мәшинелер белгілі дабылмен жолдан өтеді.
Өте тамаша балалар сұрақтарға керемет жақсы жауап бердіңдер.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Рахмет балалар бүгін сендер өздерінің жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Инсерт технологиясы: Маман сөйлейді.
Нені білдік? Нені біле алмадық? Нені білгіміз келеді?
ҰОӘ қорытындылау:
Мадақтау:
Регламент: 20 - 25 минут
ҰОӘ қолданылған әдебиеттер: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


Скачать


zharar.kz