Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату

Скачать

Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Конспект
15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс - қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1) Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан жайылымды пайдалану тәртібін қалпына келтіру. 2) Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату. 3) Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. Хандардың Сыр бойындағы қалаларды өзінің экономикалық - әскери тірегіне айналдыруы Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болған. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды. Сыр бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары Қазақ хандығының күш - қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. 15 ғасырдың соңында Сырдария өңіріндегі күрес барысы, билікке таласушы күштердің арақатынасы қазақ хандарының басымдылығын танытты. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен таластарды тоқтатты. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады.
Конспект сұрақтар
1. Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан қалалар:
2. Шайбани ханға қарсы шығу үшін Қазақ хандары бірлесті:
3. Шайбани ханның Сыр бойындағы қалаларды басып алған жылы:
4. Шайбани ханмен одақ құрған хандық:
5. 1470 жылы Керей хан шабуылдаған қала:
6. Қазақ хандарының Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алған уақыты:
7. Дешті Қыпшақ даласын билеудегі басты шарт:
8. Қазақ хандары Әбілқайыр хандығымен не үшін соғыс жүргізді:
9. 1470 жылы Керей хан Түркістанға шабуыл жасайды, ал Жәнібек хан қай қалаға шабуылдайды:
10. 15 ғасырдың 80 жылдары Шайбани хан екінші рет қай қаланы басып алды:
Тақырыптың тесті


Скачать


zharar.kz