Кітап баспасы

Скачать

Тақырыбы: Кітап таңдай білесің бе?
Мақсаты:
1. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру
2. Оқушыларды кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
3. Қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесіне ден қоюда ата-ана мен балалардың сенімді серігі – кітап оқуға баулу.
Көрнекілігі: 1. Кітап көрме Кітап - өлмейтін дүние

2. Кітап туралы қанатты сөздер, мақал - мәтелдер
Кітап тарихы: Қайырлы күн құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымыз ақыл айтатын адал досымыз – кітап жайлы болмақ. Сендер бүгінгі кітаптардың түп атасы алғашқы кітаптың қашан, қайда жасалғанын білесіңдер ме?
Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, балшықтан жасалыпты. Онда ойыншық кітап болар деп ойлар тағы біреулер. Тіпті де олай емес. Оқитын кітап. Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.
Ал қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе - келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырында қағаз дүниеге келген. Ал Ежелгі Египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің жартастағы жазуларды өздерің де көзбен немесе суретінен көрген боларсыңдар. Ежелгі ата - бабаларымыз да сөйткен ғой. Одан кейін папирусқа, қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағын нығыздап, бір - біріне желімдеп, соған жазған. Ондай кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. ондай кітаптарды қалай сақтаған? Шиыршықтап орап, түтікшеге салып қойған. Грекция, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырында пергем патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірлеген(Осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылғанын білетін боларсыңдар ). Ал пергам патшалығы б. з. д. 283 - 133 жылдар аралығында кіші азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған.

Сөйте - сөйте ХІІІ ғасырда Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз пайда болған. Осылай, кітап қазіргі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған.
Кітап баспасы: Кітап – арабтың жазу деген сөзі. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу – тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылармен монахтар ғана білген. Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар – еврей еліндегі Таурат , қытай тіліндегі Конфуций , парсы тіліндегі Авеста , Юнан грек тіліндегі Інжу Евангедиев, араб тіліндегі Құран .

Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Каллиграфия қалыбы ХІ ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы шың елінің өнерпазы Би шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнертапқышы И. Гутеньерг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.
Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған Оғызнама , Махмуд Қашқаридың Диуани лұғати - ат - түрік т. б. кітаптары болды.
1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Төңкерістен кейін өзімізде шықты.
ҚазАССР - і құрылғаннан кейін республика ОАҚ - ның Президиумы Орынборда 1920 3 қарашада Қазақ мемлекеттік баспасы туралы ереже бекітілген.
Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан, Өзбекстанның прогресшіл басшылары едәуір ат салысқан.

Кітап туралы не білеміз?
Адамзат қауымы өзінің ілгері дамуында бір белеске қол жеткіздім, білімді мәдениетті болдым, айшылық алыс қиырларға бір сағатта жететін техпрогресті игердім десе, бәрі де кітап өнерінің дауымен тікелей байланысты.

Кітап – білім бұлағы! . Кітап – даналардың данасы. Оған жететін бірде - бір құндылық жоқ. Ендеше, осы төңіректегі таңқаларлық қызық уақиғаларға құлақ түрелік.
1998 жылы лондондағы Кристи аукционында Джефри Чосердің Кентерберий әңгімелері деген кітабын сатуға қойды. Кітаптың құны 7394000 долларды құрады. Таңқалатындай дәнеңе жоқ. Осы жалғыз дана кітап 1477 жылы алғаш басылып шыққанды. Кітаптың шын бағасын білетіндер одан ақша аямаған.
Әлемдегі ең үлкен сөздік қатарына Неміс сөздігі жатады. 33 томнан тұратын бұл сөздікте 34519 бет бар.

Кітап туралы толғау.
Біздің ата - бабамыз кітап – көп ақылдың құйылған көлі , Кітап – білім бұлағы , Кітап – ғажап дос - деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділеттікке, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз. Қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы: Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін , - деген екен араб жазушысы Әл - Жиһаз.
Білімнің көзі кітапта Мақал - мәтелдер мен ғұламалар айтқан нақыл сөздер жарысы.
Оқушылар бір - бір мақал - мәтел немесе нақыл сөз айтып жарысады.
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады .
М. Әуезов
Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн .
Кітап – адамзат ақыл - ойының, інжу - маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс топыраққа айналамыз
М. Айбек
Кітаптың қасиеті мәңгілік
Кітап - өмір ұстазы
Кітап – көп ақылдың құйылған көлі
Кітап – рухани құндылық
Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы
Кітап біздің досымыз ғана емес, мәңгілік тұрақты серігіміз
Кітап – ел мен жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды
Кітап – мидың миуасы
М. Әлімбаев

Қорытынды: Қандайда өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық тарата береді. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды.


Скачать


zharar.kz