Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Білім беру саласының бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: Бауырсақтың ізімен
Мақсаты: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортаны тану арқылы сенсорлық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пішіндер, түстер туралы ұғымдарын бекіту. Қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту. Табиғатқа деген аяушылық сезіміне, бір - бірімен дос болуға, бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, ертегі, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктері: Мнемокесте, әртүрлі пішіндегі қасқырдың суреттері, түстер, түлкінің суреті, ертегі кейіпкерлері, ағаштар, шыршалар,.
Дидактикалық ойын: Пішінін тап , Түстерді ата
Қимылды ойын: Ұйқыдағы түлкі

Шаттық шеңбері:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан,
Саусақтарым әйбат
Былай - былай ойнап.
Топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса - жаса алтын күн
Жаса - жаса жарқын күн.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар екен. Бұл ертегілер сандығы. Қане ашып көрейікші ішінде не бар екен.
- Сандықта кітап жатыр екен, бұл ертегі қалай аталады?
Балалар: Бауырсақ
Тәрбиеші: Балалар ендеше біздер осы ертегі әлеміне саяхатқа барайық. Бірақ бармас бұрын осы ертегінің кейіпкерлерін атайықшы.
Балалар: Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі, бауырсақ
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал ертегіге тап болу үшін мына сиқырлы сөздерді айтайық.
- Өзіңді - өзің айналып, ертегіге кел жайланып.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
Тәрбиеші: Міне біз ертегі әлеміне де келдік, бірақ қараңдаршы бауырсақ көрінбейді екен. Балалар мына бұталардың арасында біреу отырған сиқты.. Ол кім болды екен.
Балалар: Қоян
Тәрбиеші: Қане қояннан сұрайықшы бауырсақты көрмеді ме екен?
Тәрбиеші: Балалар қоян бауырсақты көріпті бірақ айтпаймын дейді.
Тәрбиеші: Ендеше біз қоянға қыс мезгілі жайлы айтып берейікші сонда бізге айтатын шығар. МНЕМОКЕСТЕ БОЙЫНША ҚЫС МЕЗІГІЛІ ТУРАЛЫ СҰРАҚ - ЖАУАП.
Тәрбиеші: Балалар қоянға біздің қыс мезгілі жайлы айтқан мәліметтеріміз ұнапты.
Тәрбиеші: Балалар қоян бауырсақтың ана тұрған шаршылар жаққа домалап кеткенін көріпті.
Балалар: Рахмет саған қоян.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
Тәрбиеші: Балалар біздер шыршаларға да жеттік, қараңдаршы шыршаның артында біреу жасырынып қалған сиқты. Кім болды екен?
Балалар: Қасқыр.
Тәрбиеші: Қане балалар қасқырдан сұрайықшы бауырсақты көрмеді ме екен?
Тәрбиеші: Қасқыр бауырсақтың қайда домалап кеткенін көріпті бірақ менімен ойын ойнасаңдар ғана айтамын дейді. Қасқыр мен ойын ойнаймыз ба балалар.
Балалар: Иә.

ДИДАҚТИКАЛЫҚ ОЙЫН: ПІШІНІН ТАП
Шарты: Балалар қасқырдың денесі тәріздес пішінді тауып орналастыруы керек.
Тәрбиеші: Қасқырдың ашуы әлі де басылмапты, біз қане онымен бірге қоян жайлы әнімізді айтып денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тәрбиеші: Қасқырдың ашуы басылыпты балалар, қасқыр бауырсақтың ана тұрған үйшікке қарай домалақ еткенін көріпті ендеше жолымызды жалғастырамыз.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
Тәрбиеші: Үйшіктің қасына да жеттік балалар қане тоқтайық. Қызық бұл үйшікте кім тұрады екен.
Балалар: Аю.
Тәрбиеші: Ендеше аюдан да сұрап көрейікші бауырсақты көрмеді ме екен.
Тәрбиеші: Балалар аю көкөністердің суретін салмақшы екен бірақ түстерді білмейді екен егер біз түстерді атап берсек бізге бауырсақтың қайда кеткенін айтамын дейді.

ДИДАҚТИКАЛЫҚ ОЙЫН: ТҮСТЕРДІ ОРНАЛАСТЫР
Шарты: Қызыл, жасыл түстерді атап қай көкөніс қай түске ұқсайтынын қарап орналастырады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, енді аю түстерді білетін болды, бірақ есесіне аю бізге бауырсақтың қалай қарай домалап кеткенін айтты.
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ анау тұрған түбіршек жаққа қарай домалап кетіпті қане жолымызды жалғастырайық.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
- Балалар бауырсақтың түбіршікте отырғанын көреді, бірақ жанында түлкі отыр екен.
Тәрбиеші: Бауырсақ біз сені әреңдегенде іздеп таптық қой, қане бізбен бірге жүр.
Бауырсақ: Жоқ мен бара алмаймын мені түлкі ұстап алды. Жібермеймін дейді. Ол мені жеп қойғысы келеді.
Тәрбиеші: Мә балалар түлкі бауырсақты ұстап алыпты қане ендеше біз бауырсақты түлкіден құтқарайықшы.
Тәрбиеші: Ол үшін біз түлкінің көңілін көтеріп ойын ойнайық.

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫН: ҰЙҚЫДАҒЫ ТҮЛКІ.
Ойын шарты: балалар арасынан түлкі сайланады. Алаңның бұрышына орындық қойылып түлкі отырып ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан - жаққа шашырап жүгіріп ойнайды. Жүргізуші: түлкі оянды дегенде, барлық бала түлкіден үйге қашады.(орындықтарына) Түлкі оларды қуалап ұстауға тырысады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар түлкінің көңілі көтерілді енді бауырсақты жемеймін дейді.
Біз түлкімен ойын ойнап көңілін көтердік. Сөйтіп біз бауырсақты құтқарып қалдық. Енді топқа қайтатын уақыт болды.
Тәрбиеші: Қане сиқырлы сөзімізді айтайықшы.
- Өзіңді - өзің айналып, ертегіге кел жайланып.
(Орындықтарына отырады)
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ сендерге түлкіден құтқарғандарың үшін алғысын айтып бауырсақ әкелді. Иісін ай мына бауырсақтың.

Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегіде қонақта болдық?
Балалар: Бауырсақ ертегісінде
Тәрбиеші: Жолда кімді кездестірдік
Балалар: Қоянды, қасқырды, аюды, түлкіні.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Кел балалар МДҰ
Доскулова Малика Әлібекқызы


Скачать


zharar.kz