Жуан дауыстыларды ата

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауыстылар
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы білімдерін кеңейте отырып, сөз ішінен ажыратуға үйрету:

Дамытушылық: Оқушылардың оқу жазу, өз пікірлерін толық айтуға мүмкіндігін ойлау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Еңбек қадірін, жер қадірін, құстар мен жәндіктердің пайдасын білуге қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер, автор суреті
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Біз ерекше баламыз,
Біз әдепті боламыз.
Ұстаздарды көргенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Күн ретін көркем жазу.
Үү Үкі, үміт, үйрек
Үй жұмысын тексеру:
Жапалақ қар мәнерлеп оқу
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Ешқандай кедергісіз айтылған дыбыстар.
Жуан дауыстыларды ата?

Жаңа сабақ:
Ой шақыру:
Жұмбақ шешу.
Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды.
(Өрмекші) дыбыстық талдау жаса.

Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін. (Қарлығаш)
дыбыстық талдау жаса.

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш әңгімесімен таныстыру.
Бұл әңгімені кім жазған екен.
Олай болса, ақын туралы қысқаша танысайық.
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, ақын, жазушы, ұстаз


Скачать


zharar.kz