Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық
қазақ мектеп – интернат кешені химия пәнінің мұғалімі
Темиралиева Аяжан Джигеровна
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация.
Жалпы мақсаты: Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білу.
Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашу
Сілтеме: Химия оқулығы 9 сынып. Авторлары: Н. Нұрахметов, К. Жексембина, Н. Заграничная. Алматы"Мектеп" 2013ж
Оқу нәтижесі: - Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажыратады
- Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашады
- Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді
Негізгі идеялар: Презентация, флипчарт, шаблон
Ресурстар және керекті құрал - жабдықтар, реактивтер: Интернет материалын пайдаланады.
Интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, дұрыс, дұрыс емес парақшалары, тапсырмалар, стикерлер, маркерлер
Оқыту формасы, технологиясы, әдіс - тәсілдер: Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар.
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық - гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу
- Топқа бөлу: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арқылы 4 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағаздар таратылады.
Әр қағазда H ₂SO ₄, CaO, HCI, AICI ₃, NaOH, KOH, CaSO ₄, H ₃PO ₄, NaNO ₃, Zn(OH) ₂, Ba(OH) ₂, H ₂CO ₃, H ₂S, Sr(OH) ₂, LiOH,