Астана қаласы, 64 мектеп - лицейБастауыш сынып мұғаліміБекжанова Бахтигул НурмухамбетовнаМатематика 2 сыныпСабақтың тақырыбы

Скачать

Астана қаласы, № 64 мектеп - лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Бекжанова Бахтигул Нурмухамбетовна

Математика 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Құрама есептер шығару
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
• оқушылардың екі амалмен шығатын есептерді түсінігін қамтамасыз ету;
• есептеу, есеп шығару дағдыларын жетілдіру;
• дүниетанымдарын кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа тапсырмалар
Сабақтың түрі: ойын - сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндірме, сайыс
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылар сәлемдесіп, өздерін алдағы тапсырмалар орындауға даярлайды.
Психологиялық даярлық:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
● Математикалық диктант
8 бен 8 - дің қосындысынан 4 - ті азайту
2 ондықта неше бірлік бар?
7 мен 7 - нің қосындысынан 4 - ті азайт
6 мен 4 - тің қосындысына 5 - ті қос
Екі алтының қосындысы неше?
16 мен 8 - дің айырмасынан 2 - ні азайт
5 дм 4 см неше см болады?
8 ондық 6 бірлік ол қандай сан?
10 мен 10 - ның қосындысынан 7 - ні азайт

● Ойын Керегін тап
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта.
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан - жаққа

● Ойын Бұл не?
Балалар фигуралардың атауларын атап шығады да, периметр деген сөзді ашады. Периметрді табу ережесін еске түсіреді

●Оқулықпен жұмыс:
Сыныпта 30 бала бар. Үзілісте 10 бала шығып кетті де, 5 бала кірді. Сыныпта неше бала болды?
Балалармен есепті талдап болған соң, слайдтан осы есеп шешулерінен дұрысын таңдап алу ұсынылады. Жауабын түсіндіріп беру керек.
● Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру:
Қыз балалар – 7?
Ұл балалар -? 3 - еуі артық
7+3+7= 17 б. – барлығы
Жауабы: 17 бала.


Скачать


zharar.kz