Мұқағали Мақатаев
Бұлқынып жатыр.
Келмейді - ау құрғыр шамасы,
Бұлқынып жатыр.
Таусылды - ау айла - шарасы.
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,
Бостандық берші, бостандық берші, мамасы.
Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып,
Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып.
Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы,
Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық.
Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге,
ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде.
Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап
Мамасы, босат, қызыма құрсау түсірме!
Көкемді босат, аяқ пен қолын матама,
Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама.
Басымды тігем.
Бармақтай менің сәбиім бүлдіре қоймас...
Бостандық берші ботама?
Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!
Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2