Электрондарды беріп металлдарға, электрондарды қосып алу бейметалдарға тән қасиет

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Иондық және металдық байланыс
Сабақ мақсаты:
d) Оқушыларға иондық және металдық байланыс жайында түсінік қалыптастыру;
e) Оқушыларды ізденімпаздыққа, ойлауға, сауаттылыққа, тазалыққа, қауіпсіздікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу;
f) Оқушылардың ғылыми - материалистік көзқарасын дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: қызығуды ояту сұрақтары, мағынаны тану сергіту ойындары, тестік тапсырмалар, есептер шығару, жаңа сабақты түсіндіру, кітаппен жұмыс, химиялық диктант, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: периодтық кесте, есептер жинағы, үлестірме қағаздар.
Пән аралық байланыс: математика

Сабақ барысы:
6. Ұйымдастыру кезеңі;
7. Оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына көңіл аудару;
8. Психологиялық жағдай туғызу;
9. Сұрақ - жауап жаттығу ойыны.

Үй тапсырмасын қайталау:
1 - кезең. Қызығуды ояту
1. Алғашқы периодтық жүйені кім, қай жылы ашты?
2. Периодтық жүйеде қанша топ бар?
3. Периодтық жүйеде қанша период бар?
4. Әр топ қандай топшаларға бөлінеді?
5. Периодтар нешеге бөлінеді және қалай?
6. Атом құрамы қандай?
7. Атом құрылысының ядролық моделін кім ұсынған?
8. Период нені көрсетеді?
9. Топ нені көрсетеді?
10. Нейтрон санын қалай анықтаймыз?

Сергіту жаттығулары. Химиялық элементтер.
6 - кезең. Иә - жоқ ойыны
1. Оттегі күшті бейметалл? (Иә)
2. Фтордың электр терістілігі төртке тең? (Жоқ)
3. Қосымша топшаларда бейметаллдар орналасқан? (Жоқ)
4. Периодтық жүйені Эрнест Резерфорд ашты? (Жоқ)
5. Бір орбитальды спиндері қарама - қарсы екі электрон орналасады. (Иә)
6. Элемент протон саны электрон санынан артық? (Жоқ)
7. Ортақ электрон жұптары арқылы байланысқан химиялық байланыс иондық деп аталады? (Жоқ)
8. Ковалентті байланыс полюсті, полюссіз болып бөлінеді? (Иә)

7 - кезең. Әркімнің өзі шығар биігі бар? деңгейлік тапсырмалар.
1. Атомдық ядро заряды +28, +35 болатын элементтерді периодтық жүйедегi орнын тап.
2. Магний және күміс атомдарындағы электрондар таралуының электрондық және графикалық таралуын жаз.

Жаңа сабақ.
Иондық байланыс кезінде атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар - иондар деп аталады. Демек, қарама - қарсы зарядталған иондар арасындағы байланыс иондық байланыс деп аталады.
Өзінің сыртқы валенттілік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал, осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар теріс зарядты аниондарға айналады.
Электрондарды беріп металлдарға, электрондарды қосып алу бейметалдарға тән қасиет.
Сонымен, қорыта келе электр терістіліктері алшақ орналасқан элементтердің арасында иондық байланыс түзіледі.


Скачать


zharar.kz