Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбын қайталау.
Дамытушылық: Теңсіздіктерді шешу алгоритмін меңгере отырып, теңсіздік шешімін сан аралықтарымен белгілеп, сауатты түрде жаза білу.
Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу.
Сабақтың жүйесі:
Типі: топтық сабақ
Түрі: жинақтау, бекіту сабағы
Әдісі: Деңгейлеп - саралап оқыту
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Тәсілдері: кесте, сызбалар семантикалық карта.
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Білім негіздерін қайталау.
* Ауызша жұмыс.
( Семантикалық карта )
Білімді бекіту.
* Оқулықпен жұмыс. (Флипчарт)
* Өздік жұмыс.
* Үйге тапсырма.
* Қорытынды. Рефлексия.
Үй тапсырмасын тексеру
4, 5х – 1, 4 ≤7, 6 ---------------------- 3 х – 1, 2 ≥ 3, 3
4, 5х ≤7, 6 + 1, 4 ---------------------- 3 х ≥3, 3 +1, 2
4, 5х ≤ 9 --------------------------------- 3 х ≥ 4, 5
х ≤ 2 -------------------------------------- х ≥ 1, 5
жауабы: (-∞; 2) ----------------------[ 1, 5 +∞)
Ауызша есептеу жаттығулары
Тапсырма түсініктемесі:
1 – қатарда есептің берілгені.
* 2 – қатарда бос орындар.
3, 4 – қатарда жауаптар берілген.
Мақсат: дұрыс жауапты сәйкестендіру. Жауап дұрыс таңдалса, 2 – қатардағы бос орынға орналасады да, қате жауап сыртқа кетеді.