Дененің массасының өзгеруі

Скачать

Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы,
№1 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі
Боранбаева Камила

Виртуалды футбол танымдық ойын.
Мақсаты:
Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа қалыптастыруға және бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Физика - тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай - ақ адамзат ойының түкпіріне жол (М. Борн)
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, нақыл сөздер, бағалау жетлондары (доп), мақтау қағазы.
Түрі: сайыс
Әдісі: тест, есептер шығару, жұмбақтар шешу.
Пәнаралық байланыс: биология, технология, дене шынықтыру

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
Сайысқа қатысатын сайыскерлерді ортаға шақыру.
Сәлемдесу.
Сайыстың шартымен таныстыру(футбол ойының шарттары негізге алынды).

ІІ. Кім шапшаң тест
1. Физикалық шаманы көрсет:
а) Жылдамдық
в) Метр
д) Найзағайдың ойнауы
е) Телескоп

2. Аспан денелерін ата
а) Тікұшақ
в) Ағаш
д) Комета
3) Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:
а) км, см, м
в) км сағ, м с, см с.
г) м ³, см ³, мм ³
д) сағат, минут, секунуд
4) Физика атауы нені білдіреді?
а) Табиғат
в) Адам
с) Қоғам және техника
д) Космос
е) Жануарлар мен өсімдіктер
5) 5кН - да неше Н бар?
а) 50 Н
в) 0, 5Н
с) 500Н
д) 5000Н
6) Әл - Фараби қай жылдары, қай қалада өмір сүрген?
а) Отырар қаласында, 870 - 950 жыл
в) Қызылорда, 810 - 920 жыл
д) Тараз қаласында, 850 - 970 жыл
е) Ташкент қаласында, 830 - 950 жыл
7) Деформация дегеніміз?
а) Дененің қатты созылуы.
в) Дененің пішіні мен өлшемінің өзгеруі.
с) Дененің массасының өзгеруі.
д) Дене салмағының азайюы.

ІІІ. Тапқыр болсаң, тауып көр! Физикалық шаманы толықтыр

ІV. Сергіту сәті Халық әні Қамажай орындалады. Әннің мәтінінен физикалық құбылысқа негізделген сөздерді табу керек
V. Айналамыз физика Пәнаралық байланыс
Мысалы: Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
Жауап: Серпімділік құбылысы
1 - сұрақ: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден – гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр. Бұл не құбылыс?
2 - сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс қолданылады?
3 - сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?

V. Жұмбақты шеш
1 - жұмбақ.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың

2 - жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың?


Скачать


zharar.kz