Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!...- әдеби – музыкалық композициялық кеш.
Мұғалім: Елбасы Н. Назарбаев: Біздің туымыз - тәуелсіздік тілегіміз - бейбітшілік, тыныштық. Күш қолдану мен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік - жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз - деген еді. 1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланғаны баршаңызға аян. Осы даталы жылдың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Осы уақытқа дейінгі оқу - тәрбие үрдісінде атқарылған жұмыстардың тағы бір куәсі ретінде от ауызды, орақ тілді билеріміз бен даңқты батырларымыздың өнегелі істері мен таныстырып елдікті, бірлікті, тарихи тұлғаларды дәріптеу мақсатында өткізгелі отырған Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған атты әдеби - музыкалы композициялық сұхбат кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1. (хабарлаусыз) Балбырауын Құрманғазы, келесі тыңдайтындарыңыз Еңсеповтың Балбұлақ күйі, орындайтын домбырашылар ансамблі
Қуандық: Есте жоқ ескі замандардан қалған аңыздарда жетім баланы асырап алған Бөрі - ана осы жігіттен ол бала тапқан екен дейді. Ежелгі түрік қағандарының қабырғасын қатайтып, қанаттарын қақтырған осы екеуі болса керек. Он баланың ең кенжесі Ашын екен. Бүгінгі бүкіл түркі халықтары осы Ашыннан тарайды. Басқа ұлдарына ол қыпшақ, қырғыз, татар және т. б. ат қойған. Кейінірек келе ол адамдардың аттары түркі тайпаларының рулық ұлыстың атаулары болып қалыптасып кеткен.
Беглан: Мен қазақпын
Еркіндік үшін дүниеге келдім
Қанбөрінің көкірегін емдім
Асан Қайғымен жаhанды шарладым
Мұқағалидің мұратына ендім
Абылайханның Ордасын көрдім
Наурызбайдың соңынан ердім
Абай болып бір рет туылдым!
Қабанбаймын! Жәнібекпін! Райымбекпін!
Жауымды жеңдім!
Аружан: Мен қазақпын
Әйтеке, Төле тілегіндемін
Қазыбек бидің жүрегіндемін
Құрманғазының көңіліндемін
Қажымұқанның білегіндемін
Тұрармен бірге түрмеде жаттым,
Шоқанмен бірге жұлдыз боп ақтым.
Қасым аға шырағым менің
Қара өлең қарыным менің
Шәмшінің әнімен
Үміттің таңымын
Қожасымын тағдырдың
Ұрпағымын Жамбылдың!
Гүлнұр: Мен қазақпын
Жеті қазынам тоналғанды
Аралдай суалдым
Тәуелсіздігім оралғанда
Баладай қуандым
Ақан Серінің құлагерімін
Әл - Фарабидің мұрагерімін
Ойран болған Отырардың
Өлмейтін куәгерімін
Батырмын - дастанмын
Бандымын - Оспанмын
Арманның бәрі менікі
Астындағы айлы аспанның!
Аружан: Мен қазақпын
Көп емеспін, аз - ақпын,
Ниетіммен ақпын
Пейіліммен кеңмін
Иесімін киелі жердің!