Адамның тілі - дыбыстық тіл

Скачать

Тіл дыбыстары
Сатылай кешенді оқыту технологиясы бойынша
Қазақ тілі 5 - сынып

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл дыбыстары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: сатылай кешенді талдау жасау арқылы оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жан – жақты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: "Сатылай кешенді оқыту" технологиясы, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, тілдік талдаулар жасау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру.( слайд арқылы түсіндіру)
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал - лақ, түс - сүт, кел - лек
Берілген сөздердегі ерекшелік неде? оқушылар пікірі тыңдалады
Сөздегі дыбыстар өзгерген кезде сөз мағынасы да өзгереді. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? қазақ тіліндегі дыбыстар
Жұппен жұмыс. Оқулықта берілген Тіл дыбыстары тақырыбы оқылады. Сатылай кешенді талдауға салу арқылы тақырыпты оқушылар талдайды
1. Сипаты: Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады. Мысалы: мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр. Екіншісі – сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал). Үшіншісі: сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат, қас – сақ). Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды
2. Жасалуы: Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады
3. Түрі: Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады. Осыған байланысты дыбыстар екіге бөлінеді. Олар: дауысты және дауыссыз.
Оқушылар пікірі тыңдалады. А - бұл дыбыс, дауысты дыбыс себебі өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. Қ - бұл дыбыс дауыссыз дыбыс себебі өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап ауа қысылып шығады.
2. Электронды оқулықпен жұмыс. Орталық Білім Ресурстары, Е - Кітапхана. №4403. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым тақырыбы бойынша 1, 4 тапсырманы орындау.
1. Айтылу жағынан бір - біріне ұқсайтын сөзді көрсет. түлкі - күлкі, аяқ - таяқ, зат - ат, ауыр - бауыр, арық - жарық


Скачать


zharar.kz