Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Етістік бойынша екінші сыныпта берілген білімді еске түсіру. Ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, оған қойылатын сұрақтар, етістіктің зат есіммен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту. Оқушыларға өнерді, өнер адамдарын бағалай біліп, ұлттық мәдениетті танып білуге ой салу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: М. Мақатаев портреті, Туған жер тақырыбына сурет, Алтын балық, парақшалар ережелер.
Сабақтың түрі: Өнеге - сабақ.
Сабақтың жүру барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі.
Бүгін біздің сабақта, алтын балық қонақта
- Балалар, халқымыздың, заманымыздың ғажайып ақындарымыздың бірі, ерен жылдың жаратушысы, ұлы тұлға, ұлы ақын Мұқағали Мақатаев 70 жасқа толды. Атамыздың құрметіне біз сабаққа Алтын балықты шақырдық.
- Жөнелдік біз көк теңізге
Жатыр теңіз жай демалып
Шақырдық біз Алтын балық
Келіп жетті ол қуанып.
- Не сұрайсың, балалар,- деді Балық.
- Балық тақсыр амансың ба?
Шақыруды құп алдың ба?
Сонау алыс теңізден
Жақсылықпен келе алдың ба?- деді.
Балық:
- Жөнеле бер балалар,
Тілегіңіз орындалар.
Міне, балалар бүгін бізде сабақта
Алтын балық қонақта.
Алтын балық сіздерге құр алақан келген жоқ, өздерің күткендей үлкен жаңалықпен, халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали аталардың туралы көптеген мәліметтер алып келді. Ол мәліметтермен Алтын балық сіздерді таныстырмас бұрын Зат есім туралы білетін білімдеріңізді ауызша тексерді.
1. Кітап - қандай зат есім?
2. Мұқағали - қандай зат есім?
3. Оқушы - қанда зат есім?
4. Доп - қандай зат есім?
Ребус шешу. Етістік (Жаздырамын)
- Етістік дегеніміз не?
- Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
- Қимыл іс - әрекетті білдіреді
- Мысал келтірейін. Мен не істедім?
- Асхат, тұра ғой. Асхат не істеді? Асхат тұрды.
- Дәрігер не істеді? Дәрігер емдеді
- Мұғалім не істеді? Мұғалім түсіндірді.
- Ақын не істеді? Ақын өлең жазды.
Сонымен қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөз табын етістік дейміз. Етістікке: не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. (ереже қолдану)