Параллелепипед тобы

Скачать

Тақырыбы: Қималар
Геометрия 10 сынып
Сабақтың типі: Жаңа тақырып меңгеру
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қиюшы жазықтық, көпжақтың қимасы, параллелепипедтің диагональдық қимасы ұғымдарымен таныстыру, тікбұрышты параллелепипедтің және тетраэдрдің қималарын салып үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың геометрия пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез есептей білуге баулу
б) Тәрбиелілік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, проектор, плакаттар, карточкалар, бағалау парақтары, т. б. б

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру (3 – мин)
II. Үй тапсырмасын тексеру (5 – мин)
III. Өтілген тақырыпты қайталау (10 – мин)
IV. Жаңа тақырып түсіндіру (15 – мин)
V. Жаңа сабақты бекіту (7 – мин)
VI. Үйге тапсырма (3 – мин)
VII. Оқушыларды бағалау (2 мин)
VIIІ. Қорытынды.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына және сынып тазалығына назар аудару.
ә) Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлемін:
1. Куб тобы
2. Параллелепипед тобы
3. Тетраэдр тобы

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тексеру
1. Бәйге (сұрақ - жауап)
а) Тетраэдр дегеніміз не?
ә) Куб деп неге айтамыз?
б) Параллелепипед деп қандай фигураны атаймыз?
2. Ғажайып алаңы (есептер шығару)
Бір оқушы тақтаға есепке шығады. (Үй жұмысы) § 8 №2 (35 бет)
Қималар жүктеу


Скачать


zharar.kz