Суда жүзудің пайдасыШынығудың ең тиімді құралы - ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді

Скачать

Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді.
Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше.
Су – тіршіліктің көзі, салауатты өмірдің кепілі. Ал, шомылу немесе жүзу – шынығудың ең тиімді түрі. Жүзуді әдетке айналдырған ағзаның тамыр жүйесі су температурасының алмасуына ыңғайланып, микробтар мен бактерияларға төзімді болады. Бұл өз кезегінде қан айналымының жақсаруына әсер етеді. Әсіресе, адам ағзасының суыққа деген төзімділігі арттырады.
Суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш "қартаяды" екен. Сондай - ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден - бір жолы – осы екенін баса айтқан. Жүзе білу тек шынығу емес, қандай да бір аурудан сауығу үшін де таптырмас құрал . Мәселен…
1. Жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық еттеріңіз қимыл - қозғалыста болады. Сондықтан артық дене жаттығуын жасаудың да қажеті болмайды.

2. Дене сұлулығын қалайтындарға жүзу ең керекті спорт түрі. Өйткені, ол омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алады. Жүзу барысында бел омыртқаның қасындағы бұлшық еттер босаңсиды.

3. Сонымен қатар, жүзу жүрек ауруларына да қарсы төтеп береді. Егер күнделікті жүзумен шұғылдансаңыз, жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларын ұмытуға болады.

4. Жүзу тыныс алу жолдарын жақсартады.

5. Ағзаңызды шынықтырып, иммунитетіңізді көтереді. Cондықтан, сізге тұмаудан қорқудың қажеті жоқ.

6. Фитнеске қарағанда, жүзу арқылы тез арықтайсыз. Себебі жүзу барысында жүгіруден де көп калория жұмсалады.

7. Жүзу стресс кезінде де көмектеседі. Ол сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ағзаңызға тамаша энергия бөледі.

8. Ең бастысы, жүзу — керемет хобби. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз.


Скачать


zharar.kz