Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Сабақтың мақсаты: Хандық биліктің жойылуы туралы түсінік беру. 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғының нәтижесіндегі өзгерістердің мәнін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері: 1. Хандық биліктің жойылу алғы шарттарын, себептерін, мақсатын, барысын талқылайды.
2. Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді
салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету;
3. Өз ұлтының тарихы алдындағы құрметтеу жауапкершілігі қалыптасады
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: диалог, АКТ, сұрақ жауап, білім баржасы, мың бір мақал, адасқан әріптер,
түртіп ал, венн диаграмма, бес саусақ, деңгейлік тапсырмалар
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: АКТ, оқулық, қосымша мәліметтер, слайд, түрлі түсті
қималар, бағалау парақшасы, маркер, ақ қағаздар, бағалау критерийлері
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар өз бетімен жұмыс істейді, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстырып талдай алды.
2. Өз көзқарастарын дәлелдеп пікірсайысқа түсті
Психологиялық дайындық 4 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу.
1. Шежіре орталығы
2. Тарих орталығы
3. Ақиқат орталығы
4. Жарғы орталығы
Мен қандаймын? әдісі бойынша түс таңдау арқылы мінездеріне сипаттама береді.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл,
қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.
Білу 8 минут
Білім биржасы ойыны. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы еске түсіріп, қайталау. Бағалау: смайлик арқылы
- - дұрыс (1 ұпай)
Үй тапсырмасын Мың бір мақал әдісі бойынша тексеру. Отан, ерлік туралы мақал – мәтел айту.
Бағалау: смайликтердің санына қарай бағаланады. Әр смайлик 1 ұпай
Жаңа сабаққа дайындық 1 минут
Адасқан әріптер әдісі
ДАҚХНЫ КІБТҢІИЛ УЖЙЫОЛЫ
(ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ)
Әріптерді орнына қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу
Түсіну
Қолдану 7 минут
Әр топтарға топ атауларына байланысты тапсырмаларды үлестіру
1. Шежіре орталығы хандық биліктің жойылуының алғышарттарымен таныстырады
2. Тарих орталығы Сібір қазақтары туралы жарғы тарихымен таныстырады.
3. Жарғы орталығы кіші жүздегі реформа барысымен таныстырады
4. Ақиқат орталығы хандық биліктің жойылу барысындағы өзгерістермен таныстырады.
Талдау 12 минут
Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды.
Түртіп ал әдісін қолдану. Оқушылар өздеріне маңызды деген мәліметтерді түртіп отырады
Сергіту сәті 2 минут
Қара жорға биі
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№ 16 орта мектептің Тарих пәні мұғалімі
Джангазиева Айнур Турсынхановна