Асқардың інісі кім

Скачать

Пән мұғалімі: Жаназилова Айнагул

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;

Сабақтың көрнектілігі: кеспе әріптер, ешкі, есік, емен, есек суреттері, слайдтар мен мәтін жазылған флипчарттар
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу
Пән - аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:дүниетану
Сабақ барысы:
I. Жұмбақ шешу.1-слайд
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. Ешкі)

Мұғалім жұмбақ шешуін оқушылармен талдай отырып, е дыбысына тоқталған кезде, оның әрпін көрсетеді.
Оқулықтың 70-бетіндегі баған буындарын салыстыра, тізбектей оқытып жаттықтыру жұмыстары орындалады.
П. 2-слайд. Жазу дәптерінің 24-бетіндегі е дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға арналған жаттығулар жүргізіледі.

III. Оқулықтағы мазмұнды суретпен әңгіме жүргізіліп, оқушылардың ой-пікірі ортаға салынады.
3-слайд. Лақ тақырыбындағы мәтін бойынша талдау-жинақтау жұмыстары орындалады. Мұғалім оқушылардың мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып беруіне мүмкіндік туғызып, осылайша әңгімелеу үрдісін тұрақты тәжірибеге айналдырады.

4-слайд. Біртіндеп бірінші жақтағы айтылған ойды екінші, үшінші жақта айтуға үйрету жұмыстары басталады. Оның үлгісі оқулық бетінің төменгі жағында берілген.
Менің лағым.
Сенің лағың.
Оның лағы
Осы жұмысты дәптерде орындауға болады.

IV. Жазу дәптеріндегі 25-бетіндегі е дыбысының бас әрпін жазу жаттығулары жүргізіледі.

Кісі аттары мен сөйлемді бастырып жазады.

5-слайд. Сабақты дамыту ойынымен жалғастыруға болады. Мұғалім оқушының дүниетанымын кеңейту мақсатында ағаш пен гүл сөзінің айырмашылығы мен ұқсастығын тапқызады. Олар ағаштың биік, гүлдің аласа өсетінін, ағашта жапырақ көп болатынын, гүлдің күлтелері (гүлі) көп болатынын, ағаштардың аз, ал гүлдердің көп болатындығы жөнінде әңгіме болуы мүмкін.
Оқулықтың 71-бетіндегі суреттер бойынша түрлі жұмыстар ұйымдастырып, соңындағы тапсырмалар орындалады.

VI. Бағыттаушы сызықтармен берілген ойын бойынша оқушылар сөз құрайды. Одан сөйлем құрайды. Оларға дыбыстық, буындық талдаулар жасайды.
Дәптердің бос жолына сөздік диктант жазу
Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтың 71 - бетіндегі мазмұнды суретке аударып, әңгіме құрауды тапсырады..

Оқушылар құраған сөйлемдерінің жүйелі, мазмұнды болуына баса назар аудару қажет.
Осы беттегі Кім? кімдер? деген сұрақтарды пайдаланып,
мұғалімнің басшылығымен шығармашылық жұмыс жүргізіледі.
Сабақты қорытындылау.
─ Бүгін қандай әріппен таныстық?
─ Асқар қайда тұрады ?
─ Оларға қонаққа кім келді?
Асқардың інісі кім?
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау


Скачать


zharar.kz