Ойналықта күлелік
Жабы мінген жөнелмес,
Тіріде пенде не көрмес,
Көтергенмен кеудесін,
Жақсыға жаман теңелмес.
Өлшеулі демі бітпесе,
Қырық жыл қырғын болғанмен
Ажалы жетпей ер өлмес.
Тура құрық түскен соң,
Тырп етуге дәрмен жоқ,
Ұсынып мойнын, кім көнбес?
Ойналықта күлелік,
Сайран етіп жүрелік,
Өлген соң дәурен бір келмес!