Мақта қыз бен мысық ертегісінен сахналық көрініс

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер әлемінде
Сынып: 4 сынып
Мақсаты:
• Білімділік: Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.
• Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық шеберліктерін арттыру. Ертегілер арқылы сөздік қорларын молайту.
• Тәрбиелік: Ертегі мазмұны арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа, жақсылыққа тәрбиелеу.
• Сабақтың типі. Дәстүрлі емес
• Сабақтың түрі. Нәтиже сабақ
• Технологиялар. Ақпаратты - құзіреттілік, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту
• Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, сахналық көрініс
• Көрнекілік. Интерактивті тақта, суреттер, компьютер, карточкалар, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері, ертегіге қатысты заттар (сүт, жапырақ, мейіз...)
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Амансыз ба, алтын күн
Амансыз ба, достарым
Амансыз ба, ұстаздар!
Қош келдіңіздер!
2. Психологиялық сәт

3. Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақтың тақырыбы ертегілер жайында болмақ
5. Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімімізді толықтырамыз, пысықтаймыз, бекітеміз. Сабақтың мақсатына жету үшін әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, ауызша сөйлесіп, тіл байлығымызды дамытамыз.
Сабағымыз 4 кезеңнен тұрады. Сабақ барысында тапқырлығымызды, білімімізді, алғырлығымызды көрсетеміз.

1 кезең. Еске түсіру кезеңі.
А) Ассоциациялық сызба Ертегі
Ертегі дегенде қандай сөздер көз алдымызға келеді?
(көркем, халық ауыз әдебиеті, ауызша тараған, жануарлар, тұрмыс - салт, қиял - ғажайып, жақсы өмір, арман)
Б) Сызба бойынша сөз тіркесі, сөйлемдер құрау. Осы сызбаға қарап сөз тіркесі немесе сөйлем құрап жіберейік.

2 кезең. Жұмбақ шешу.
1. Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)
2. Қиқу салып бақырып,
Айқайлауды тауыпты.
Қыт-қыт дейтін шақырып,
Кім біледі...? (Тауық)
3. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі)
4. Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ,
Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
5. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
6. Өзі қып - қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
7. Итке өзі ұқсаған, Айтыңдаршы, ол қай аң? (қасқыр)

7. Кім жылдам? ойыны. Мақсаты: Мұнда ертегіден үзінді ретінде сурет қойылады, ал сендер ол ертегінің атын, кейіпкерлерін табасыңдар.

8. Бейнекөрініс. Мақта қыз бен мысық ертегісі
Мақсаты: көру, сурет салу, қорғау.
9. Сергіту сәті.
10. Мақта қыз бен мысық ертегісінен сахналық көрініс.

15. Үй тапсырмасы. Ертегілер туралы кітапшаны аяқтап келу.
16. Сабақты қорытындылау. Бағалау
17. Рефлексия жүргізу. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
18. Ертегілер әнімен аяқтау


Скачать


zharar.kz