Сабақтың тақырыбы: О. Бодықов. Аққұс туралы аңыз.
Сабақтың мақсаты: әңгіме мазмұнымен таныстыру. Ш. Қалдаяқов өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Ән құдіретін сезіне білуге, елжандылыққа тәрбиелеу, өнер адамдарын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, әндер жинағы, деректі фильм.
Әдіс - тәсілдері. Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тест, сахналау.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика, дүниетану
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық: Топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Мәтіндегі кім туралы айтылған?
2. Әбілхан Қастеев туралы әңгімелеу.
3. Әбілхан Қастеевтің суреттерін атау.
4.. Әбілхан Қастеев туралы мәлімет
Бейнебаян. Шәмші Қалдаяқов
- Ш. Қалдаяқов туралы не білеміз, оның қандай әндерін білесіңдер?
Шәмші туралы мағлұмат беру. ( слайд)
- Шәмшінің сенімді, сырлас досы жазушы О. Бодықовтың Шәмшімен өткізген қызықты бір күндерінің естелігінен алынған Аққұс туралы аңыз әңгімесімен танысамыз.
Сұрақ:- Аңыз дегеніміз не?
1. Әңгіме, жыр, шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға.
2. Белгілі бір адамның іс - әрекетіне құрылады.
Кейіпкерлері: Алдар көсе, Жиренше, Асан Қайғы, Аяз Би т. б.
Аңыз түрлері: шежірелік, жылнамалық, эпостық.
Мәтінді оқу, түсіндіру.
Топпен жұмыс:
1 - топ: Сұрақтарға жауап береді. 1. Автор мен Шәмшінің арасында қандай әңгіме болды? ( тауып оқы)
2 - топ: Бөлімге ат қою. 2. Аққұс қандай құс? (тауып оқы). 3. Қарақұстың қара ниеті қалай суреттеледі? ( тауып оқы) 4. Аққұстың ән салғандағы табиғат өзгерістері.( тауып оқы)
Жоспар:
1. Шәмшімен сырласу. 2. Аққұстың әні. 3. Қызғаныш. 4. Ән құдіреті.
1 - топ: Аққұс әнінің құдіретінің әсері:
Табиғатқа Адамға
2 - топ:
Табиғат ән құдіретіне қалай табынады?
Жел, Тау, Өзен, Ағаш, Жарық дүние
Сарнаған жел тына қалады
Қаратаудың көкірегі қарс айрылып, ах ұрады
Өзен ағысын тоқтатады
Ағаш жапырағын жайып, қайғыға оранады Бар дүниені түн басады
Жағымсыз кейіпкер кім?
Қарақұс. 1 - топ: Қарақүстың аққұстың әнін тыңдағанға дейінгі жай - күйі. 2 - топ. тыңдағаннан кейінгі жай - күйі.
Венн шеңбері
Аққұс Қарақұс
Тест: 1 - топ: 1. Аққұс туралы аңыз әңгіме - естелігінің авторы кім?
А) О. Бодықов.
ә) М. Сәрсеке.
б) М. Әуезов
2. Шәмші Қалдаяқов кім?
к) ақын
қ) композитор
л) ғалым
3. Шәмші Аққұс туралы аңызды кімнен естіген?
к) әкесінен
қ) анасынан
л) досынан
4. Неміс композиторы кім?
у) Чайковский
ү) А. Жұбаноа
ұ) Л. Бетховен
5. Аққұс әнінің қарақұсқа әсері қандай?
с) мінезі өзгереді
т) мінезі өзгермейді
Кілті: Аққұс.
2 - топ. 1. Әнұранның музыкасын жазған кім?
щ) Н. Тілендиев
ш) Ш. Қалдаяқов
ч) Б. Байқадамов
2. Әнші құс? А) аққу ә) бұлбұл б) көгершін
3. Қазақ хорының негізін салушылардың бірі.
м) Б. Байқадамов
и) Жаяу Мұса
о) Ә. Қашаубаев
4. Аққұстың әніне табиғат
ш) табынды
щ) әлсіреді
5. Ш. Қалдаяқов туралы әңгіме жазған кім?
ы) С. Бегалин
и) С. Мұқанов
і) О. Бодықов
Кілті: Шәмші
Сұрақ: Аққұс пен Шәмші арасындағы байланыс қандай?
Шәмші әндерінің кешінен үзінді көрсету.
Әңгіме кестесі
Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз
Авторы: Оразбек Бодықов
Кейіпкерлер: Шәмші, Аққұс, Қарақұс
Негізгі ой: Өнерді бағалай білу
Түйін: Шәмші әндерінің құдіреттілігі, өміршеңдігі
Үйге тапсырма:
Қорытынды
Бағалау