Фариза Оңғарсынова өлеңіСен келмегендежанталасам сезімнің тасқыны ұрып, жанарға жас тығылып, қоятұғын өзімді жер таба алмай, жалғыздықтан жиналған шер таралмай, отырамын ішімде қасқыр ұлып

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен келмегенде
жанталасам сезімнің тасқыны ұрып,
жанарға жас тығылып,
қоятұғын өзімді жер таба алмай,
жалғыздықтан жиналған шер таралмай,
отырамын ішімде қасқыр ұлып.
Арпалысам өзіммен
бәрін тұл ғып кететін жақ таба алмай,
думанды баққа бармай -
тарылғандай дүние аласұрам,
сосын, сосын таусылып шама, шыдам,
жер боламын біреулер таптағандай.
Саған аян бұл күйім,
бұрқанысым,
өзендердей өзгертер күрт ағысын.
Саған қарай қол созам, арма ді - әнім,
талықсимын, қайтадан жанданамын
тағы бір шырқау үшін.


Скачать


zharar.kz