Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Натурал санды 1-ге бөлу
Мақсаты: Натурал санды 1-ге бөлу және натурал санды 1-ге бөлгенде сол санның өзі шығатыны туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды қатесіз шапшаң есептеуге, математикалық тілде оқи білуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық жаттығулар арқылы ой өрісін кеңейту.
Көрнекілігі: Сызба, суреттер, слайд.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, байқау.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеп, сабаққа назар аудару.
2. Үй жұмысын тексеру.
№9
2 6=12 ---------- 2см 6=12см ----------- 12кг 4=48кг ------------ 10тг 5=50тг
4 3=12 ---------- 4см 3=12см ----------- 28кг 2=56кг ------------ 20тг 4=80тг
Нөлді натурал санға бөлгенде нөл шығады.
Нөлге бөлуге болмайды.
3. Жаңа сабақ.
Натурал санды 1 - ге бөлу.
Тақтадағы сызбаға назар аударайық.
36: 1=36
23: 1=23
16: 1=16
Кез келген санды 1 - ге бөлгенде сол санның өзі шығады: а: 1=а
Мына сызбаларды пайдаланып, тура теңдіктер құрайық.
25: 1=25 ------------ 40: 1=40
25 1=25 ------------- 40 1=40
Бұлар тура теңдіктер.
Кез келген санды 1 - ге бөлсек те, көбейтсек те сол санның өзі шығады.
Біздер қазір білім еліне саяхат жасаймыз. Ол үшін қолымызға саяхат билеттерін аламыз. Алдымызда мынадай аялдамалар бар.
1. Мектеп аялдамасы.
2. Білгірлер аялдамасы.
3. Тапқырлар аялдамасы.
4. Шешендер аялдамасы.
5. Мергендер аялдамасы.
Біз саяхатымызды мектеп аялдамасынан бастаймыз. Ол үшін қолымыздағы билеттер тапсырмасын орындайық.
14: 1=14 ---------- 18: 1=18 -------- 8: 1=8
17: 1=17 ---------- 59: 1=59 -------- 27: 1=27
Кез келген санды 1 - ге бөлгенде сол санның өзі шығады.
Бізді алдымызда Білгірлер аялдамасы күтіп тұр. Оған мынадай тапсырмалар берілген екен.
Өрнектер құрып, мәнін тап.
5: 1=5 --------------- 5 1=5
18: 1=18 ------------ 18 1=18
23: 1=23 ------------ 23 1=23
49: 1=49 --------- 49 1=49
77: 1=77 --------- 77 1=77
Біз бұл аялдамадан да оңай өттік.
Енді алдымызда Тапқырлар аялдамасының тапсырмасы күтіп тұр.
Теңдеулерді шеш.
Х 5=10 -------------- 24: х=8
Х=10: 5 ------------- х=24: 8
Х=2 ------------------ х=3
2 5=10 -------------- 24: 3=8
Өз бетімен жұмыс.
6 а; а=2, 3, 4, 5.
6 2=12
6 3=18
6 4=24
6 5=30
Енді біраз аялдап, демалайық.
Сергіту сәті:
Жазу жаздық есептеп,
Шаршағандай көз ептеп.
Көзді қатты жұмамыз,
Сынып көзін ашқанда,
Көз тастаймыз аспанға.
Бір, екі, үш деп санаймыз
Төрт деп жерге қараймыз.
Көзді қадап еденге,
Солға қарай бес дегенде.
Есепке шебер жүйрікпіз.
Алты деп оңға қараймыз
Отырайық ал енді
Демалдық қой, есепті
Шығарамыз дәл енді.
- Енді алдымызда Шешендер аялдамасының тапсырмасы келіп тұр.
6 - есеп.
1 - топ ------------------------- 2 - топ ------------------------- 3 - топ
Ш: Пісірілді - 6, 8 к -------- Ш: Болды - 32 б ------------ Ш: Шай - 35 т
Бөлінді - 7 қ ----------------- С. а - 6а - 4ден -------------- Кофе -? 14кем
Әр қорап -? ----------------- Қалды -? ---------------------- Барлығы -?
Ш:(6+8): 7=2 ---------------- Ш: 32 -(6 4)=8 ---------------- Ш:(35 - 14) +35=56
Ж: Әр қор - 2 к ------------ Ж: қалды - 8 б ---------------- Ж: Барл - 56 шай.
- Енді балалар ойымызды жинақтайық.
Ойлан тап!
Сен нешедесің?- деп сұрағанда
- Еркін:- Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың – деп жауап берді.
Еркін нешеде?
100 - 10=90 90: 10=9 Жауабы: 9 жаста.
- Енді алдымызда Мергендер аялдамасының тапсырмасы бар.
Сәйкестендіру әдісі
8: 4 ---------- 20
2 3 ----------- 9
4 5 ----------- 3
6: 2 ---------- 14
7 2 ----------- 2
3 3 ----------- 6
Бізге қосымша мынадай тапсырма берілген.
№10 Есепте:
59: 1=59
53: 1=53
1 0=0
40: 1=40
0: 700=0
Біз тапсырмаларды орындап, саяхаттадық. Саяхатымыз өте жақсы болды. Аялдамалардан сүрінбей өтіп шықтық. Енді өзіміздің мектебімізге оралайық.
Сонымен балалар, біз бүгін қандай тақырыппен танысып едік, ережесін кім айтады?
- Кез келген санды 1-ге бөлгенде сол санның өзі шығады.
- Кез келген санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
Қорытынды: Кез келген санды 1-ге бөлсек те, көбейтсек те сол санның өзі шығады екен.
М: 14: 1=14 14 1=14
Үйге тапсырма: Ереже.
Бағалау: Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды мадақтап, бағалау.