Картамен жұмыс елдерді тану

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Африканың халқы және саяси картасы
Оқып - үйренудің негізгі мақсаты: Африка материгінің халқы мен саяси жағдайына сипаттама беру, маңызды деген басты объектілеріне жалпылама шолу; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту
Күтілетін нәтиже: Африка материгінің халқы мен саяси жағдайына сипаттама беру, маңызды деген басты объектілеріне жалпылама шолу жасау; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой - өрісін кеңейту.
Түйінді идеясы: Гидросфераның негізгі бөлігі - дүниежүзілік мұхит.
Сабақтың әдіс - тәсілдері, жұмыс түрі: Сөзжұмбақ, резюме тапсырмасы, даналық ағашы, Оқы, жұптас, талқыла тапсырмасы.
Ресурстар: Интерактивті тақта, атлас карта, ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы, үлестірме қағазы т. б.
Бағалау: Бағалау парағынан
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс - әрекеті Оқушылар іс - әрекеті
Кіріспе 1. Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, психологиялық жақсы ахуал туғызады. Маркер түстерін таңдау арқылы топқа бөледі, бағалау парағын береді
2Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Африка сөзжұмбағы беріледі.
3 Даналық ағашы ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрайды.
1. Оқушылар амандасады, сабаққа назарын аударады, топқа бөлініп, топтық міндеттерді бөліседі, бағалау парағын топхатшысы толтырып отырады.
2 Оқушылар Африка сөзжұмбағын орындайды
2 Даналық ағашы ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз. Оқушылар бір - бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. парақтың артқы бетінде әріптер бар оны тақтаға құрастыру арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылады.

Тұсаукесер 1. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбы ашылғасын, жаңа сабақ мақсатын айқындау үшін оқушыға алдын - ала берілген тақпақты айтқызып, оқушыларға сұрақ қойып талдайды.
2. Африка халықтары кестесімен таныстырады.
Оқушы тақпақты айтып талқыға салады, жаңа сабақ мақсаты айқындалады.
Экватор кесіп өткен үлкен жермін Қазірде әл ауқатты бірнеше елмін
Эфиопия, Гана бар, Египет бар,
Қолөнермен таң қалдырған барлық елді
Шөлім бар дархан дала Сахарадай
Алтын, алмас, платина қазбам қандай
Пигмей, араб, бербер, эфиоп халқым бар
Құрлықпын көрген адам таң қалғандай

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, талқылайды.
Негізгі бөлім:
1. Оқы, жұптас, талқыла тапсырмасын орындатады.
1 топ ежелгі Африка
2 топ Даму дәрежесі жоғары Африка
3 топ Африканың пайдалы қазбалары
2. Картамен жұмыс елдерді тану
3. Резюме тапсырмасын орындатады

1. Оқушы жеке мәтінмен танысады, жұп болып маңыздыларын дәптерге жазып талқылайды, топ болып постерге орындап қорғайды
2 Картамен жұмыс жасап, африканың саяси ахуалымен танысады.
3. Оқушылар жеке резюме тапсырмасын орындайды, топ болып талқылап, қателіктерін тексереді
Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Африка халықтары жайында бейнебаян көрсетіп қорытындылайды.
Үйге тапсырма береді:
Өтілген тақырыпты оқуға және реферат орындауға береді.
Қосымша Африка халықтары жайында мәлімет қызығушылық танытқан оқушыларға ұсынады
http: golroxadi. kazjur Топбасшылары бағалау парағы бойынша есеп береді, басқа оқушылардан бағалану жайлы келісімдері сұралады.
Оқушылар сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытындылайды. Мен, мен... рефлексиясын толтырады
Мен білдім Мен үшін қиындық туғызды Мен үшін жаңа ақпарат Мені таң қалдырды Менің көңіл - күйім

Тутси, хими Солтүстік Африка саванналарында мекендейді. Ең бойшаң халық.
Пигмейлер Экваторлық ормандарда мекендейді. Бойлары ең аласа халық.
Нилоттар Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында тұрады.
Бушмендер мен готтентоттар Калахари шөліне қоныстанған.
Эфиоптар Эфиопия таулы қыратын мекендейді.
Арабтар, берберлер Солтүстік Африканы мекендейді.
Француздар Жерорта теңізі жағалауында тұрады.
Африканерлер, ағылшындар Оңтүстік Африкада тұрады. Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары.
М а д А г а с к а р
Р а с х а Ф у н
С а х а Р а
К и л И м А н д ж а р о
В и К т о р и я
В А в и л о в

Резюме тапсырмасы.
Материктің аты:
Халқының көп шоғырланған бөліктері
Дамушы мемлекеттері:
Артта қалушы мем - і:
Егер сен саяхатқа шықсаң
Африканың қай еліне барасың:
Неге ол мемлекетті таңдадың, ол мемлекетті картадан көрсете аласың ба?:
Сені африканың қандай өсімдіктері, жануарлары қызықтырады:
Не себепті олар сені қызықтырады
Келесі сабақтарда мұғалім Африканың қандай бөліктеріне тоқталғанын қалайсың

Топтық бағалау парағы 0 - 3 балдық жүйемен бағаланады
Топтың аты:
Бағалаушы:
№ Топтардың жұмыс барысындағы ынтымақтастығы Постермен жұмыс Тапсырмаларды
орындауы Сабаққа белсенділігі Қорытынды баға
І топ
ІІ топ
ІІІ топ


Скачать


zharar.kz