Көбелектің тіршілігі

Скачать

Тақырыбы: КӨБЕЛЕК
Бөлімі: ЖАПСЫРУ
Білім саласы: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
Мақсаты: 1. Көбелек туралы түсінік беру. Көбелектің тіршілігі.
2. Бейнелі ойлауын, зейінің, қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын
дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, көбелектер үлгісі.
КЕЗЕНДЕРІ
ТӘРБИЕШІ, БАЛАЛАР ӘРЕКЕТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
А. Сәрсеновтің Көбелек өлеңін оқып беру:
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп.
Тақиямның астына,
Тығыла ғой, көбелек.
Тәрбиешінің сұрағына байланысты, балалар өлең мазмұнын әңгімелеп береді.

ІЗДЕНУ
Д О Кім тапқыр
Мақсаты:
Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру.
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. Олар көрмейді және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді, бала қолына көбелек бейнесі беріледі

Ал, балалар кім көбелек туралы тақпақ біледі, тыңдап көрелік
Көк көйлек, көк көбелек
Көздері дөп дөңгелек
Гүл көрсе күлімдейді
Қолыма ілінбейді
Көк шөптің арасынан
Түр - түсі білінбейді
Магнитті тақтамен жұмыс

Сәйкес суретті тауып орналастырады, түсінік береді.
Сәйкес қимыл жасаймыз.

БЕКІТУ
Көбелек - ау, көбелек
Әдемісің гүлдейсің
Ұстап сені не керек
Ойнамайсың күлмейсің

Көріп жаздың қызығын
Гүлден - гүлге самғаймын
Гүлдің ерке қызымын
Гүлден өзім аумаймын

Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап деп алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам

Ал енді балалар осы әдемі көбелектерді өзіміз бетіне жапсырып, досымызға силық жасайық
1. Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма: әр столға 4 балаға көбелектің 4 қанаты беріледі, әдемілеп, сәйкестігін тауып, ұқыптылап көбелекті құрастырып шығамыз.
2. Қатты қағаздар, көбелек бейнесі, желім, сулықтар қажет.

Балалар жұмысы тақтаға ілінеді
Пікірлері сұралады.
Тәрбиеші басқарумен жұмыс орындалады.
Білуі керек: Жыл мезгілінің ерекшелігін, көбелектің тіршілік ортасын.
Меңгерді: Көбелек мүшелерін, қанаттарының ерекшелігін, жеке бөліктерді біріктіре жапсыруды.
Дағды: Жапсыру әдістерін үйренді, ұқыптылыққа, жұмыс жасауға дағдыланды.


Скачать


zharar.kz