Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Адамгершілік - асыл қасиет
5 сынып
Сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу
- көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Алдыңғы білім
Суретпен жұмыс. Дәні жоқ егіннің басы, Дәнге толы егіннің басы.
- Балалар, суреттен нені байқадыңдар?
- Бидайды
- Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер? – деп тақырыпты оқушыларға ашқызу. Бидай бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық. Ал, ендеше Қазақстан картасынан елімізде бидай өсіретін өңірлерді көрсетейік. Батыс, Орталық, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан облыстарында
Сабақтың басы 7 мин.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгін А. Байтұрсыновтың Егіннің бастары мысал өлеңі. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат тақырыбын өтеміз.
Енді топқа бөлінбес бұрын Егіннің бастары мысалын аудиотаспадан тыңдайық. Тыңдалым алды тапсырма. Мысалдағы кейіпкерлерді атаңыздар. Сол кейіпкерлердің атаулары арқылы топтарға бөлінеміз.
Топқа бөлу. 1 - топ Дәні көп бидай, 2 - топ Бала, 3 - топ Әке, 4 - топ Дәнсіз бидай
Сабақ мақсатын түсіндіру. 5. Т. Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу
5. 2. 4. 1 - көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Бірлескен оқыту. Оқулықтан мәнерлеп оқушыларға оқыту
Мұғалімнің аты жөні: Мамбетова А. М.
Ахмет Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат жүктеу