Ақмола облысы, Степногорск қаласы
№2 Бестөбе орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Анаргүл Көкешева
Қыс мезгілі. Сын есім. (5 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгіліне байланысты жаңа сөздерді меңгерту, Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыру, сын есімдерді ауызекі сөйлеу тілінде және жазба жұмыстарында дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: қыс мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, әсемдігін көрсете білу, оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, сурет
Көрнекілігі:
1. Жыл мезгіліне байланысты суреттер, кесте - таблица, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшінің хабарламасы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қыс мезгіліне байланысты суреттер салып, оны қазақ тілінде қорғау.
Оқушылардың қызығушылығын ояту.
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар ?
- Сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды ?
- Қыста ауа райы қандай болады ?
- Қыста қандай мерекелер болады ?
- Қазір жылдың қай мезгілі ?
ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгінгі біздің тоқталатын тақырыбымыз Қыс мезгілі және грамматикалық тақырыбымыз: Сын есім.
1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Сөздікпен жұмыс (Ауызша сөздермен сөз тіркесін және сөйлем құрастыру).
Қалың - густой;
Қалың – қалың қар; Қалың қар жауды.
Аяз - мороз;
Аяз - қатты аяз; Қаңтарда қатты аяз болады.
Шаңғы - лыжи;
Шаңғы - шаңғы тебу; Қыста шаңғы тебемін.
Тон - шуба;
Тон - жылы тон; Маған анам жылы тон сатып әперді.
- Балалар, қыс мезгілі несімен қызықты?
- Қандай мерекені асыға күтесіңдер?
- Қыс айларын атаңдар.
Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу. Диалогты рөлге бөліп, түсініп оқу.
Дыбыстық талдау: Қыс, боран сөздері (математикалық тәсілмен)
Боран - 5о= 2 +3
Т.қ.қ: жуан 2 (о,а)
жіңішке (-)
Ж.қ.қ: ашық 2 ( ( о,а)
қысаң (-)
Е.қ.қ: еріндік 1 (о)
езулік 1 (а)
Қатаң: (- )
Ұяң: 1 (б)
Үнді: 2 ( р,н)
Бо- ран- 2 буын; 1-ашық буын, 2- бітеу буын.
Грамматикалық тақырыпты меңгерту: Сын есім. (Ережесін түсіндіру, мысалдарды оқушылардың өзіне айтқызу).
Тапсырма. Мына сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғау арқылы сын есім жасап, сөйлем құрау.
Мысалы: Мереке - мерекелік; Жаңа жылдық мерекелік дастарқанға дайындалып жатырмыз.
Қыс, қар, күз, мереке, қызық, аяз, орман, кеш, қараңғы, мереке.
Рефлексия.
Үйге тапсырма
1. Жаңа сөздерді, ережені жаттау.
2. 2-жаттығу. Кесте бойынша әңгіме құрастыру.
Бағалау.