Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа үйрету, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, есеп шығару, логикалық есептерді шығаруды үйрету.
Әдісі: сұрақ - жауап, есеп шығару.
Жоспары: 1. Бәйге
2. 7 жұмбақ
3. Көкпар
4. Полиглот
5. Жорға
6. Көшбасшыны анықтау
7. Қорытынды.
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! ХХІ ғасыр көшбасшысы сайысына қош келдіңіздер!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтықтан емессің сен, қаталдансың.
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансың, - дей келе ортаға ойыншыларды шақырамыз.
1 - жүргізуші. Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп Бәйге жарысын бастаймыз. Бұл сайыста 30 сұраққа ойыншылар жауап береді, көп ұпай жинағаны келесі сайысқа қатысады.
2 - жүргізуші. Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан, цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім, оларды айтып бермек үшін – деп ендігі сайыс 7 жұмбақ . Мұнда есеп беріледі. Ойыншылар арасынан ұпай алмағандары ойыннан шығарылады.
1 - жүргізуші. Ұшқыр ойда серік шеберлік,
Сөз кезегін ойыншыға берелік.
Арамызда тапқыр бала көп екен,
Оларды енді жарыстырып көрелік, - деп келесі сайыс Көкпар сайысы. Есептер шығарылады.
2 - жүргізуші. Білімнің басы – бейнет, соңы - зейнет – деп келесі Полиглот . Мұнда мақал - мәтел айтылады. Жасырылған сөзді тауып, орысша, ағылшынша аударылады. Жауабын таппаған оқцшы ойыннан шығады.
1 - жүргізуші. Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл - ойға кен дейді,- деген Жорға сайысын бастаймыз. Ойыншының әрқайсысына 10 сұрақ, сол мезгілде жауап беру керек, ұтылғаны ойыннан шығады.
2 - жүргізуші. Білім оймен, арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз – деп соңғы сайыс Көшбасшы .
(Плакатта жазылған сұрақтарға Миллион кімге бұйырады? ойыны бағыты бойынша тапсырмаға жауап береді. Соңғы қалған оқушы көшбасшы болып есептеледі).
1 - жүргізуші. Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашан осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым, - деп 11 сынып оқушыларына ақ жол тілейміз. Қош, сау болыңыздар!