Тақырыбы: Ана – өмірдің шуағы
Мақсаты:
а) 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға, ана есімін ардақтап, қадірлеуге, сыйлауға баулу.
ә) Қыздарды әсемдікке, іскерлікке қабілет пен талантын дамыту.
б) Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе бар мейрімін
Орнар еді бар әлемде тыныштық
Қар астында қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып,
Аналар мерекесі келеді.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қиындық атауға төзімді болады.
8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью - Йоркта тігін және аяқ - киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қар - сы, еңбекті бағалау, ар - ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады.
Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда мына елдерде аталып өтілді: Дания, Австрия, Германия, Швейцария
8 - наурыз күнгі мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. ”Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа” дегендей, жер - жерлерде түрліше ғұрыптармен тойланады.
Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана кешке ”Women - only” атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен.
Италяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды.
Ресейде гүлдермен қатар шоколадтар да мерекелік сыйлықтардың ең көп таралған түрі.
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
А. Тұрмағамбетов
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В. Г. Белинский
Мақал - мәтелді ізін жалғастыр
1. Алып анадан туады,........................................
2. Ананың ізін қыз басар,........................................
3. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
................................................................................................
4. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,
.............................................................
5. Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
..................................................................................
6. Ана алдында құрмет,
................................................................................................
7. Ағайынның алтын сарайынан
.........................................................................
8. Астың дәмін тұз келтірер,
,...........................................
9. Ата — асқар тау,
Ана — баурындағы бұлақ,
Бала —................................................................
10. Шешен сөз бастар…...............
11. Әке көрген оқ жонар….......................
12. Жақсы байқап сөйлейді…................
13. Баланың ұяты әкеге…..............
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,-
Анаға бас иеміз!
Әрқашан да аналар беделі биік болсын!- дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңаөзен қаласы, №18орта мектеп
Джамбозова Г. Т.
Ана – өмірдің шуағы жүктеу