Қазақ ағартушыларының шығармаларына ғылыми - педагогикалық тұрғыда талдау жасау барысында олардың артына қалдырған мұралары бүгінгі ұрпақтың бойында адамгершілік құндылықтар мен патриоттық рухты қалыптастыруда негізгі орын алады

Скачать

Таңдау пәні
“Алаш қайраткерлері мұраларындағы патриотизм тағылымы“ тақырыбы бойынша жасалған бағдарлама

Түсінік хат
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушыларының мұралары арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу бүгінгі егемендік алған кезеңде іргемізде бейбітшілік пен ұлттар достығын сақтаудың негізі болып отыр. Қазақ ағартушыларының шығармаларына ғылыми - педагогикалық тұрғыда талдау жасау барысында олардың артына қалдырған мұралары бүгінгі ұрпақтың бойында адамгершілік құндылықтар мен патриоттық рухты қалыптастыруда негізгі орын алады.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушыларының тәлімдік мұралары арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде зерттелген ғылыми еңбектер саралана отырып, негіз етіп алынды.

Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында ұлттық мәдениетті дамытуда халықтық мұраларды жандандыру мәселесі негізгі орында тұр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің “Тәлім - тәрбие тұжырымдамасында” қоғамдық - әлеуметтік даму үрдісіне байланысты тәрбиеге құндылық тұрғысынан қарап, тәрбие жүйесінің бүгінгі талапқа сай жаңа тұрпатта жүйесі берілді.

Осы тұжырымдамаға сәйкес біз зерттеуімізге нысан етіп алып отырған жұмысқа Е. Жұматаева “Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру”, Р. Үсенбаеваның Ахмет Байтұрсынов мұраларына арналған “Адамгершілік иірімдері”, Б. С. Бәйменованың “Алаш қайраткерлерінің педагогикалық ой - пікірлері” атты жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған және тағы басқа бағдарламаларды негізге алдық.

Негізгі міндеттері:
- ХХ ғасырдың басында өмір сүрген зиялы қауым өкілдерінің мұраларына деген қызығушылықты айқындау.
- Ұлттық рәмізге, елтаңба және әнұранға деген құрметті қалыптастыру.
- ХХ ғасырдың басында өмір сүрген зиялы қауым өкілдерінің мұралары арқылы оқушылардың бойындағы патриоттық қасиеттерді жетілдіру.
- Зиялы қауым өкілдерінің мұраларын оқыту арқылы тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігін, мәдениетін, өнерін, тарихын және ұлтаралық келісімді сақтауға атсалысатын азаматтарын тәрбиелеу.


Скачать


zharar.kz