Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі

Скачать

1. Сабақтың тақырыбы: Модель және олардың түрлері

II. Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға модельдер және олардың түрлері, маңызы туралы түсінік қалыптастыру
ә) дамытушылығы: Оқушылардың ақыл - ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту
б) тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.

III. Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, таблица, тапсырмалар, информатика электронды оқулығын қолдану.
IV. Сабақтың түрі: аралас сабақ
V. Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс, жаттығу жұмысы
VI. Сабақтың барысы:
1.
2. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеп, оқу - құралдарының дайындығын қадағалау.

3. Негізгі бөлім.
а) Жаңа материалды меңгерту
ә) Жаңа материалды пысықтау
б) Оқушыларды бағалау
3. Қорытынды бөлім.

Жаңа сабақ.
Модель - кез - келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.
Аласа талда алуан алма
Алқызыл болмай аузыңа салма
Немесе
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.

Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз.
2*1=2 --------2*6=12
2*2=4 --------2*7=14
2*3=6 --------2*8=16
2*4=6 --------2*9=18
2*5=10 -------2*10=20
Оқушыларға модель және оның түрлері туралы түсінік берілгеннен кейін, жаңа сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1. Модель дегеніміз не?
2. Модельдің қандай түрлері бар?
3. Қандай мысалдар келтіруге болады?
Оқушыларды екеуден жұптап, топқа бөліп, компьютерге отырғызамыз. Әр топ әртүрлі модель түрлеріне байланысты тапсырмаларды графикалық редактор, мәтіндік редактор, калькуляторды пайдаланып орындайды.
Нәтижелері тексеріліп, бағаланады.
Жаңа сабақты қорытындылау.


Скачать


zharar.kz