Бойжеткендер білуі тиіс сұлулық сырлары
Сырт келбетіне күтім жасау — әр бойжеткеннің міндеті. Ол не үшін керек? Теріңіз мерзімінен ерте қартайып, бұзылмауы және үнемі сұлу, сымбатты болып жүру үшін қажет. Назарларыңызға сұлулық сырларын ұсынамыз.
1. Дәріханадан Е дәруменінің майлы ерітіндісін (капсула түрінде) сатып алыңыз. Оны бетке уқалап жағып, 30 минуттан кейін жұмыртқа сарысын жағыңыз. 30 минуттың ішінде теріге толықтай сіңуі керек. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз. Бұл әдіс беттегі безеуді кетіріп, ұсақ тесіктерді тазартуға көмектеседі. Үнемі жасап тұратын болсаңыз, бет терісі жылтырап, жұмсара түседі.
2. Бетті тазартып, қабыршақтануды кетіру үшін соданы 3 пайыздық сутек тотығымен араластырыңыз. Бетке уқалап жағуға болады.
3. Түктерден құтылу үшін 2 ас қасық кофе тұнбасы мен 1 шай қасық сода араластырыңыз. Қоспаны теріге жағыңыз. Бір аптаның ішінде түктер азая бастайды.
4. Қырынуға арналған кремнің орнына балаларға арналған майды пайдаланған жөн. Сонда аяқ терісі бұзылып, тітіркенбейді.
5. Аяққа арналған скраб дайындау үшін зәйтүн майы, бал мен қант (1: 1 қатынасы шамасында) араластырып, қоспа жасаңыз.
6. Сусабыныңызға сода қосып, басыңызды әдеттегідей жуыңыз. Нәтижесінде шашыңыз жеңілдеп, көлемі ұлғая түседі.