Еңбек шартында сынақ мерзімі белгіленбеген. Қызметкер жұмысқа қабылданған бір ай уақыт ішінде өзіне жүктелген міндеттерді атқармай келеді. Осы қызметкерді жұмысқа қабылдау барысында сынақ мерзімінен өте алмады деп жұмыстан босатуға болады ма?
Еңбек заңнамасына сәйкес сынақ мерзімін белгілеу міндетті түрде еңбек шартымен айқындалуы тиіс. Еңбек шартында сынақ мерзімі белгіленбеген жағдайда жұмыс беруші қызметкерді сынақ мерзімінен өтпеді деп жұмыстан шығаруға құқығы жоқ.