Әдептілік – мол мұра. (Шығыс даналығы).
Армандап жатып ұйықтап, болашаққа мақсат қоя ояныңыз.
Қолымнан келмейді – деп емес, тәуекел ете алмаудан қорық. (Макс Фрай)
Тәжірибем көрсеткендей, егер адамдар саған қарсы бірнәрсе істесе, түбінде ол саған пайда. (И.Ганди)
Поезд, әрине, қайтып келеді алайда, аялдамада мүлде басқа адамдар.
Есіңе сақта, өмір – дөңгелекті арбаға мініп бара жатқандай: егер сенде қиындықтар орын алса, қырға шығып бара жатқаным - деп есепте.
Отбасы, ақшасы, баспанасы жоқ адам – кедей емес. Арманы жоқ адам – Кедей. (Сократ)
Таң қалатыным – мені ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін адамдар, сондай жағдайға өзі түскен кезінде, ұялмастан шамданады.
Сізді, ең қиын уақытта езу тартуға көндіре білген адамды бағалай біліңіз. Өйткені, ол сіздің жүрегіңізге жол таба білді.
Кезінде өзің жақсы көрген жан туралы, жаман сөйлеме.
Бөгденікін алма, өзіңдікін берме! (Араб даналығы)
Өзгелерді қайтесің? Өзің адам деген атқа лайықты бол!
Есіңде ұста: сенімен бірге болуды қалаған жан әйтеуір, бір жолын іздеп табады.
Жаратушы өзіне сенген жанды құр қалдырмайды. Армандағанға үміт сыйлайды. Иман келтіргендер оның кереметін сезінетін болады.
Бір кезде жүрегіңнен орын берген адамды оңай шығарып тастай алмайсың! Жүректе оның әрқашан бос орны қалады.
Сөзінде тұра алмаған адам, құрметке лайық емес.
Әлемге көзқарасыңыз қалай болса, ол сізге солай жол тартады.
Отбасы – киелі ұғым.
Дайындаған: Жадыра