Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман

Скачать

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. М. Әуезов шығармаларында Қазақстан тарихының бейнеленуі.
2. Қазақстан тарихы сабағында М. Әуезовтың шығармаларын пайдалану.
Қорытынды

Мұхтар Әуезовтың шығармаларын тарих сабағында қолдану.
Кіріспе.
Орыстың атақты педагогы В. Сухомлинский: Мектеп дегеніміз - ең алдымен кітап - деген екен. Байқайсыз ба, өте терең айтылған сөз. Бала бір ғана мұғалімнің айтылғанымен шектеліп, оқулықтарды ғана қанағат тұтса, қайтіп қанаттанады. Аясы тар түсініктің ғана өрісінде шектеліп қалады. Осының бәріне кең жол ашатын - кітап. Кітап - ол жансыз мұғалім. Ол сені білім нәрімен сусындандырады. Ел тарихын оқытуда сыныптан тыс оқу, қосымша көркем тарихи әдебиетті сабақта пайдалану - оқушылардың білімінің, тарихи ұғымдардың жүйелілігіне әсер етеді; оқушылардың ақыл - ойын, танымын, сезімін дамытуға мүмкіндік береді.

Әлемдік ірі құбылыс, ғұлама жазушы М. Әуезов қазақ халқының рухани байлығын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық өнеріне арнады. Ол әдебиеттің бар саласында да қажырлы еңбек етті. Жазушының артынан қалдырған мол мұралары публицистика, драматургия, проза, көркем аударма тұрғысынан болса, ғылыми мұрасы фольклортану, әдебиеттану сияқты ірі салаларды қамтиды.

Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сондықтан оқушы бойында жоғарғы идеялық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы - сабақтың мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану керек. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау - аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл - Фараби айтқандай тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді .

Сыныпта сапалы білім берудегі негізгі міндеттерін әр мұғалім өз тәжірибесіне қарай түрлі творчестволық жолмен өзінше шешетіндігі белгілі. Қазіргі оқулықтарда оқушының тапсырманы қабылдау қабілетінің деңгейі ескерілмеген. Сондықтан, міндетті түрде тарихи фактілерге негізделген ғылыми және көркем әдебиетті пайдалану тарихи оқиғаның шынайы бейнесін ашуға мүмкіндік береді..
Зерттеу жұмысында М. Әуезовтың қаламынан туған шығармаларды тарих сабағында қосымша материал ретінде қолдану әдістері мен ерекшеліктері талданады.

Негізгі бөлім.
&1. М. Әуезов шығармаларында Қазақстан тарихының бейнеленуі.
М. Әуезов – қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, талғампаз зерттеуші. М. Әуезовтің де ұлт - азаттық тақырыптарға бой ұруы бірнеше таным талқысынан өткен. Әуезов ұлт - азаттық идея сарындарын көркем шығармада сонау ауыз әдебиетіндегі эпос, тарихи жырлар, тарихи оқиғалар, ұлт - азаттық қозғалыстар шындығынан желі тартып уағыздайды. Яғни, өз заманының шындығын беру үшін оны өткен заманның елдік сырлары мен ой - өрісі әрекеттерімен сәйкестендіре отырып, тарихи оқиға желісін шығарма өзегіне айналдырады.

Әуезов туған халқының басынан өткен сан қилы өмір өткелдерінің ақиқатын сезіне жүріп, қатерге толы қилы заманда батыл әрекетпен тарихи тақырыптағы Хан Кене , Қилы заман шығармаларымен бірге Әдебиет тарихы зерттеу еңбегін жазады. Бұл Әлемге танылған Абай жолы эпопеясына дейінгі отыз жасар Мұхтар қаламынан туған Алаш ұранды әдебиеттің азаттық идеясын көтерген туындылары болатын Мұхтар Әуезов өзінің Абай жолы романы арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті, қазақтардың өзіне қазақ дегенің кім екенін танытты. Қазақ халқының ұлылығын, оның өткен өмірін, тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, күнделікті өмір тіршілігін, салт – санасын, әдет - ғұрпын көрсете отырып, сонымен қатар жас ұрпаққа әр әдет – ғұрыптың мән мағынасын ашып айқындап терең түсіндіріп берді. Қараш - қараш оқиғасы , Қорғансыздың күні әңгімелері қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік теңсіздікті, ескі мен жаңа арасындағы күресті баяндайды.


Скачать


zharar.kz