Армысыздар құрметті қонақтар, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым

Скачать

Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында балалардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, батыр тұлғаларын тануға шақыру;
Көрнекілігі: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сурет көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд – шоу.
Қолданылған құрал - жабдықтар: жалаушалар, слайдтар, компьютер, дискілер, нөмірленген асықтар, дорба, бағалау парағы, марапаттау қағаздары;

Ойынның барысы:
Жүргізуші: - Армысыздар құрметті қонақтар, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Гүлдер тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
2. – Ж: Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер барыс текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.

1 - Жүргізуші:
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық Тәуелсіздік – бақытым атты ойыны да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.

Ұлан тобы: (6 оқушыдан)
Тарлан: (6 оқушыдан)
(Ортаға Тарлан және Ұлан топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.
Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі)

2 - Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.
Меңгеруші: Тамара Молдашқызы
Әдіскер: Айтолқын Әділханқызы
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Әлия Бақтыгерейқызы

Ойын 8 кезеңнен тұрады:
1 - кезең Таныстыру Топтың аты, ұраны.
2 - кезең Тез ойла , ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі. 10 – сұрақтан қойылады.
3 - кезең Сен білесің бе? . Еліміздегі батыр аға - апаларымыздың бейнесін тану.
4 - кезең Әріптер әлемі Отан, Отау, Атырау, Астана,
5 - кезең поэзияға саяхат тақпақтар жарысы.
6 - кезең Мақал сөздің мәйегі Отан туралы мақал жарыс
7 - кезең мерген дротикпен шар ату сайысы
8 - кезең Ән шырқайық топпен патриоттық ән шырқау
Көк тудың желбірегені және Қазақстан - бақытты әнін екі топ шырқайды.
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Әнұран шырқалады.

1 - Жүргізуші: Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Топты таныстыру
1 - Кезең
Аты, ұраны
Ұлан тобының ұраны: Ұлан алға, биікке самға, ешқашан қалма!

Тарлан тобының ұраны:
Арыстан жүректі тарландар,
Алыстан самғайтын қырандар
Біз ғана боламыз,
Жеңіске лайық Тарландар

2 - кезең
Тез ойла ,. Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 10 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай.

Ал, Ұлан тобына іске сәт делік.
1. 16 - желтоқсан қандай мереке?
2. Ата кімнің әкесі? (әкемнің)
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
4. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге дауысты, дауыссыз)
5. Көже қай мерекеде пісіріледі?
6. Ағаштың басында 5 құс отыр еді. 2 – еуі ұшып кетті. Неше құс қалды?
7. Есепті қай пәннен үйренеміз?
8. Аю қашан ұйықтайды? (қыста)
9. Астана қаласының символына айналған ғимарат? Бәйтерек
10. Екі қоянда неше құлақ бар? (төрт)


Скачать


zharar.kz