Абзацты пішімдеу туралы оқушылар білімін қайталау, абзацты пішімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен танысу

Скачать

6 сынып
Сабақ тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Абзацты пішімдеу туралы оқушылар білімін қайталау, абзацты пішімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен танысу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• абзацты пішімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен танысады
Оқушылардың басым бөлігі:
• абзацты пішімдеудің тәсілдерін және шегіністер мен интервалдар қоюды орындай алады
Кейбір оқушылар:
• күрделілігі әртүрлі абзацты пішімдеуді компьютерде орындай алады
Тілдік мақсат Оқушылар:
Абзац, шегініс, интервал туралы жалпы мағлұмат біледі
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Абзац, шегініс, интервал
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
1. Пішімдеу сызғышы не үшін керек?
2. Пішімдеу деген не?
3. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып өшіруге болады?
4. Абзацты пішімдеудің сұхбаттық терезесін қалай шақырамыз?
5. Абзацтағы мәтінді түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?
6. Абзацтың ішіндегі толтыру түсін қалай өзгертеді?
Талқылауға арналған тармақтар:
Абзацты пішімдеудің негізгі тәсілдерін атап шығыңдар және түсті өзгертудің барлық мүмкіндіктерін атаңдар
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Абзац - paragraph, indent,
Шегініс - indentation
интервал аралық - interval, space, partition

Басталуы
Өткенді қайталау
5 минут
Шаттық шеңберін құру
АКТ - да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.
Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберін құру
Мозаика әдісі бойынша топқа бөлу.
Сынып оқушыларын суреттерді құрау арқылы 2 топқа бөлемін
1 Топ Абзац
2 Топ Интервал
Оқушылардың өткен тақырыптары мәтінді пішімдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін полиглот арқылы пысықтаймын.
Символ таңба simbol
Қаріп шрифт letter
Мәтін текст text
Кірістіру вставить insert
Мөлшер размер size
Топ ішіндегі оқушылар өткен тақырып бойынша сөздерді слайдтан дұрыс жауаптарын тексеріп өздерін бағалайды.

Ортасы
15 минут
Практикалық жұмыс
10 минут
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз тақырыбын слайдтағы сурет арқылы табады.
Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Жаңа тақырыпты Ойлан, жұптас, бөліс әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырмалар беріледі.
1 - топ: Абзац
2 - топ: Интервал
Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды
Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады Әр топ өз топтарының атын постерде қорғайды.
Оқушыларға деңгейлік практикалық тапсырманы орындауға беремін.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Оқулықтағы 107 - 108 бет
А деңгейі
Мәтінді теріңдер
Компьютерлік вирустар
В деңгейі
Мәтінді теріңдер
Математикалық формулалар
С деңгейі
Ақпараттың өлшем бірліктері
Оқушылар компьютерге практикалық тапсырманы орындайды.

ОҚО, Түркістан қаласы,
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектептің
информатика пәні мұғалімі
Арысбекова Балжан Сейлханқызы

Абзацтар, шегіністер және интервалдар. жүктеу
Абзацтар, шегіністер және интервалдар. слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz