Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақ түрі, өткізу үлгісі: өздік жұмыс сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ұлы Отан соғысының басталуы, соғыс жылдарындағы Қазақстан және
қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі мен ерліктері жайлы толық мағлұмат беру;
Дамытушылығы: еліміздің Ұлы Отан соғысы тарихындағы алатын орны, оның маңызы мен мәнін түсінуге, талдауға, саралауға, өзіндік бағалау жасауға, ізденістікке дағдыландыру;
Тәрбиелілігі: жан - жақты білімді, тарихты терең түсіне білетін, елін - жерін және бейбітшілік пен тыныштықты сүйе білетін, ұлы адамдардың ерлігін бағалай білетін, оны үлгі ететін, қолдайтын азамат тәрбиелеу;
Әдістері: қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру (топтық жұмыс)
Сабақ жабдығы: интерактивті подиум, бейнематериал, оқулық, карта, слайдтар, суреттер
Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, әдебиет, география
Әдебиет:
Негізгі: Қазақстан тарихы М. Қойгелдиев, Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, т. б.– Алматы: Мектеп , 2011.
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
Пысықтауға арналған тапсырмалар
• Ұлы Отан соғысы.............. жылы....... маусымда басталды.
• ................................. фашистік жоспары бойынша Қазақстан аумағы Гросстуркестан деп аталынған аумақтың құрамына енуге тиіс болды.
• Қазақстанда бірінші рет.........- атқыштар дивизиясы жасақталып, оның командирі болып генерал - майор........................................ тағайындалды.
• Майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінем деп өтінішпен майданға.......................................... өзі сұранып соғысқа аттанды.
• Әрбір......- інші қазақстандық майданға аттанды.
• Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал - майор..................................... қолбасшылық еткен даңқты.......- атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.
• Ротаның саяси жетекшісі болған, Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва! деген ұран сөздің авторы:..............................
• Ұлы Отан соғысында Қазақстан - дық...... жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
• Оның......- сы қазақ батырлары болды.
• 1941 жылы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны......................... Ленинградтықтарға Ленинградтық өренім! деген жырын арнады.
Тарихи тұлғаларды тани біл!
1. Мына суреттегілер кімдер, олардың ерлігі, ұқсастығы туралы не білеміз?