Мейірімділік тренингі

Скачать

Оқушыларға және ұстаздарға арналған тренинг сабақтар тізімі:
1. Мінез – көңіл – күй айнасы
2. Мейірімділік
3. Жеке адам және өзін - өзі тәрбиелеу

Тақырыбы: Мейірімділік
Мақсаты: Жеке тұлғаның өзіндік қарым – қатынасын дамыту, бойына жағымды қасиет сіңіру.
Тренинг барысы:
1. Танысу тренингі.
- оқушылар шеңбер бойынша өздерін таныстырады.
2. Сағат тілі тренингі.
- сағат суретін салады.
- жұптасады.
- сұрақ қойылады.
- өз ойларын айтады.
12. 00 – Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды, бірақ сіздің жан досыңыз ауруханаға түсті де сол күні оған барып шығу керек болды. Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?
15. 00 – Аялдамада сізбен бір әже сөйлесті. Сіздің сөйлесуге көңіліңіз жоқ. Сіз мейірімді, жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?
18. 00 – Сіз мысықтың баласын үйге келе жатырғанда тауып алдыңыз. Бірақ ата – анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз, сонымен қатар ата – анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз?
21. 00 – Сіз жек көретін адам сізге мейірімділік жасады. Сіз оның қылығына қалай жауап берер едіңіз?

3. Эмоция тренингі.
- Оқушылар шеңберге жиналып, эмоция түрлерін мимикамен көрсетеді.

4. Мейірімділік тренингі.
- оқушылар мейірімділік сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

2. Сергіту сәті.
- өлеңмен танысады.
- өлең жолдарына өз ойларымен әуен, қимыл шығарады.
- топпен айтады.
Біз тамшымыз, біз тамшымыз мұхиттағы
Бір теңіздің, бір теңіздің толқыны
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

Бір бұтақпыз, бір бұтақпыз бақшадағы
Бір теректің, бір теректің гүліміз
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

2. Жүректен жүрекке тренингі
- Оқушылар бір – біріне тілек жазып, тілектерін оқиды


Скачать


zharar.kz